Дін істері бойынша комитет қажылық сапарына қатысты қатаң ескерту жасады

    Нақты 1 May 2023 3436

    Бүгінде әлеуметтік желілерде қажылық зияратын ұйымдастыру туралы жарнамалар мен хабарландырулар көбейіп кетті.

    Бұл хабарларда қажылық сапарына жөнелтуге қатысты жаңалықтар, төлемдерді қабылдау формалары мен көрсетілетін қызметтер туралы негізсіз ақпараттар беруде.

    Айта кетерлігі, елімізде «Қажылық» және «Умра» шараларын ұйымдастыру Министрлер Кабинетінің 2017 жылғы 7 июндегі 364-санды “Қажылық” және “Умра” шараларын ұйымдастыру және өткізуді одан әрі жетілдіру іс-шаралары туралы» қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

    Аталмыш құжат негізінде құрылған «Қажылық» және «Умра» шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Жұртшылық Кеңесі мүшелерінің қатарында осы қасиетті зияраттарды ұйымдастыруда тікелей Дін істері бойынша комитеті мен Өзбекстан мұсылмандары кеңсесіне жүктелген.

    Бұл ұйымдарға Қажылық және Умра маусымында зияратшылардың денсаулығы мен зияраттарын толық орындап келуін қамтамасыз ету мақсатында Сауд Арабиясындағы тиісті министрліктер мен зияратшыларға қызмет көрсететін мекемелермен, қонақ үйлермен, көлік және азық-түлік кәсіпорындарымен келісімшарттар жасауға өкілеттік берілген.

    ‼️Сондықтан, Қажылық және Умра маусымында еліміздің зияратшыларын шығарып салу және күтіп алуды ұйымдастыру, сонымен қатар зияратшылардың Сауд Арабиясына баруы, ол жерде болуы және олардың оралуы Дін істері бойынша комитеті мен Өзбекстан мұсылмандары кеңсесі тарапынан жүзеге асырылады.

    Айта кетейік, Сауд Арабиясының заңдылығына орай, қажылық сапары әлем елдерінің өкілетті ұйымдары мен осы елдің Қажылық және умра министрлігі арасындағы жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Осы келісімдердің негізінде ұйымдастырылмаған қажылық сапарға бару бұл ұлы амалдың ең маңызды — Мино, Арафат және Муздалифа аңғарларда құлшылық етуге мүмкіндік бермейді.

    Сауд Арабиясының аумағында қажылық рәсімдерін бұзу осы елдің заңдылығы негізінде шара қолдануға әкеп соғады. Сондықтан қажылық шарасын ұйымдастыру міндеті туристік компанияның немесе туристік агенттіктердің өкілеттігіне кірмейді.

    Бұл адамдардың қажылық зияраттарын ұйымдастыруға жасаған әрекеті қолданыстағы заң құжаттарына қайшы келеді.

    Сондай-ақ мүбәрәк сапарларға заңсыз баруға әрекеттену Сауд Арабиясынан депортациялауға және Сауд Арабиясына кез келген визамен кіруге 10 жылға тыйым салуға және 100 000 саудия риалы (26 000 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салуға әкелетінін ескертеміз.

    Біз зияраттарыңыз толық болып, сапарыңыз қауіп-қатерсіз болғанын қалаймыз. Түрлі алаяқтыққа бой алдырмай, үкіметтің қолдауымен ұйымдастырылған ресми, қауіпсіз және сенімді сапарға баруға кеңес береміз, делінген баяндамда.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates