Америка Құрама Штаттарының көзқарасы: Бірнеше дін өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан Өзбекстан тәжірибесі басқа елдерге үлгі бола алады

    Қасиетті Рамазан айында еліміздің Вашингтондағы елшілігі тарапынан Ақ үй, Мемлекеттік департамент, Қорғаныс министрлігі, Халықаралық даму агенттігі (USAID), АҚШ-та кең таралған діни конфессиялардың өкілдері және Өзбекстан мұсылмандары мекемелерінің мүшелерінің қатысуымен ауызашар ұйымдастырылды.

    Ауызашарда, АҚШ-тың Халықаралық дін еркіндігі бойынша комиссиясының (USCIRF) төрағасы Надин Маенза, Солтүстік Америка Ислам қауымдастығының бұрынғы президенті Сайид Сайид, АҚШ-тың дін еркіндігі бойынша арнайы тапсырмалар бойынша бұрынғы елшісі Дэвид Саперштейн, Жаһандық қызмет институтының (IGE) басшысы Крис Сипл, АҚШ-тың шығыс жағалауындағы ең ірі Ислам орталығы— «ADAMS» өкілі Сайид Моктадир және т.б болды.

    Ауызашар алдында елші Жавлон Вахобов қонақтарға елімізде дәстүрлі Ислам құндылықтарын мұқият сақтау және насихаттау, сондай-ақ Өзбекстанда діни сенім бостандығын қамтамасыз ету бағытында өмірге енгізіліп жатқан іс-шаралар туралы мәліметтермен бөлісті. Шара барысында қатысушыларға халқымыздың бауырмалдылық дәстүрлері, соның ішінде Өзбекстанда қасиетті Рамазан айын барлық дін және конфессиялардың өкілдерімен бірге құрмет, сыйластық рухында кеңінен атап өтілетіні туралы ақпараттар берілді, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    Тарихи көптеген ұлттар мен ұлыс өкілдері жасайтын Өзбекстанда бүгінде Ислам мен басқа діндер бірге дамып келе жатқан мемлекет болып табылады. Сондықтан мемлекетіміз үкіметінің пікір-ой, сенім және дін еркіндігін қорғау және насихаттау, жастарды адамгершілік рухта тәрбиелеу және надандыққа қарсы ағартушылық қағидасы негізінде жүзеге асырылған істерге айрықша назар аударылды.

    Шарада сөз сөйлеген Халықаралық дін еркіндігі бойынша АҚШ комиссиясының (USCIRF) төрағасы Н.Маенза осыдан бірнеше күн бұрын Өзбекстанға келіп, ресми тұлғалармен, азаматтық қоғам өкілдерімен және діни жетекшілермен кездесу мүмкіндігіне ие болғанын айтты.

    —Соңғы төрт жыл ішінде Өзбекстанда қаншалықты оң және маңызды өзгерістер орын алғанын және оның дін еркіндігі үшін одан да ашық жағдайларға қарай қадам басып жатқанын көргеніме қуаныштымын», - дейді ол.

    Діни ұйымдарды тіркеуге алу, діни сенім еркіндігі туралы заң құжаттарын одан әрі жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан диалогтар бізді қуантты. Өзбекстан үкіметімен жолға қойылған диалог бұл елдің реформалар мен өзгерістерді ілгерілетуге үлкен мақсатты көздегенін көрсетті. Мен «Декларация диалогы» халықаралық форумына қатысу үшін май айында Өзбекстанға баратын кезектегі сапарымды асыға күтудемін.

    Солтүстік Америка Ислам қауымдастығының бұрынғы президенті, доктор С.Сайид Өзбекстанның ғасырлар бойы Ислам ағартушылық орталықтарының бірі болғанын, сахих хадистер жинағының авторы, Ислам теологы Имам әл-Бухаридің туған жері екенін атап өтті. Ол Америкада қалыптасып келе жатқан мұсылман қауымының Өзбекстанмен өзара байланысын кеңейту қажеттігін айтты.

    Осыған орай, Солтүстік Америка Ислам қауымдастығының бұрынғы басшысы АҚШ-та Мериленд штатындағы Индонезия Мұсылман қоғамы ассоциациясы (ИМАМ) Ислам орталығының немесе Түркия үкіметінің көмегімен ұйымдастырылған Диянат орталығына ұқсас Өзбекстанның Ислам орталығын құруды ұсынды.

    Жаһандық қызмет институтының (IGE) басшысы К.Зейпл осы шараға шақырғаны үшін алғысын білдіріп, бірнеше дін өкілдері өзара тату-тәтті өмір сүріп жатқан Өзбекстан тәжірибесі басқа елдерге дін еркіндігін қамтамасыз етуде үлгі бола алатынын атап өтті.

    – Осыған орай 2022 жылдың май айында Жаһандық қызмет институты Өзбекстан үкіметімен бірге «Декларациялар диалогы» халықаралық форумын өткізуді жоспарлап отыр, – дейді ол. – Шара Өзбекстанның мұсылмандар мен христиандар, ең алдымен дін қызметкерлері мен имамдар арасында конфессияаралық диалог орнатылған мемлекеттің үлгісі екенін тағы да әлемге паш етеді. Бұдан тыс, халықаралық форум барысында ғалымдар мен сарапшылар діни сауаттылықты арттыру, діни сенім бостандығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Өзбекстанның ислам сәулеткерлігі мәселелерін де талқылайды.

    Діни еркіндік бойынша бұрынғы арнайы елші Д.Саперштейннің пікірінше, «Өзбекстанның бай мұсылман, христиан және еврей тарихы бар екенін бір дастархан айналасында түрлі дін өкілдерінің басын қосқан ауызшар шарасы тағы бір рет дәлелдеді. Біз өзара ынтымақтастық жасасақ және бірге жұмыс істесек, жақсылықты бір-бірімізбен бөліссек, жарқын әрі жаңа болашақты жасаймыз», - дейді ол.

    Шара аясындағы өзара сұхбат кезінде Америка Құрама Штаттарындағы ең көне мешіт — «Мешіт Мұхаммед» имамы Талиб Шариф осы ауызашардың ерекше әрі өте маңызды оқиға екенін, бұл қасиетті Рамазан айында Исламның адамилықты насихаттайтын дін екенін тағы бір паш еткенін айтты. «Көпғасырлық тарихы Ислам тарихымен тығыз байланысты Өзбекстан имамдарымен кездескеніме өте қуаныштымын.

    Мұндай кездесулер екі елдің имамдары мен ғұламалары арасында өзара пікір алмасу мүмкіндігін беруде. Өзбекстан үкіметінің осы бағытта тастаған қадамдарын да құптаймын. Өзбекстан ұлтаралық және дінаралық тату-тәтті, гүлденген зайырлы мемлекеттің үлгісі болып қала бермек», - дейді Америка мешітінің басшысы.

    Өз кезегінде, жетекші талдау орталығы саналатын АҚШ-тың Бейбітшілік институтының (USIP) сарапшысы, Мемлекеттік департаменттің діни азшылықтар бойынша бұрынғы арнайы кеңесшісі Нокс Темза да Өзбекстанда діни еркіндікті қатамасыз етуде айтарлықтай жетістіктерге жеткенін айтты. Оның айтуынша, «Президент Ш.М.Мирзияевтың басшылығымен Өзбекстанда заңдылық, діни ұйымдарды тіркеуге алу саласында елеулі реформалар жүргізілді. Бұдан бес жыл бұрын ақылға сыймайтын істердің көпшілігі бүгінде Өзбекстанда шындыққа айналды. Мен Өзбекстанның болашақта бұдан да зор табысқа жетуін асыға күтемін», - дейді ол.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates