Тұрақты комиссияның төрағалары, хатшылық меңгерушілері мен мамандарына арналған семинар ұйымдастырылды

    Ел назарында 16 Iyun 2022 1689

    Жергілікті Кеңестердің ақпараттық саясаты мен жергілікті билік органдарында ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрақты комиссиялардың төрағаларына арналған семинар ұйымдастырылды.

    Үстіміздегі жылы 16 июньде Сенаттың Ақпараттық саясат және мемлекеттік органдарында ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері комитеті мен Журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің ынтымақтастығында жергілікті Кеңестердің ақпараттық саясаты және жергілікті билік органдарында ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының төрағалары, хатшылық меңгерушілері мен мамандары үшін оқу семинар ұйымдастырылды.

    Семинарда сала мамандары мемлекеттік органдары мен ұйымдарға қарағанда БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланған сынға жедел пікір білдіру практикасын, олармен өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша теориялық білімдерін ортаға салды.

    Сонымен қатар семинарда елімізде сөз еркіндігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың есеп беру мен ашықтығын күшейту, мемлекеттік және қоғам өмірінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттыру бойынша жүзеге асырылған жүйелі істер туралы айтылды.

    Атап айтсақ, Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 июніндегі «Мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметінің ашықтық дәрежесін арттыру мен бағалау жүйесін енгізу іс-шаралары туралы» ПФ-154-санды Жарлығы қабылданды. Семинарда осы Жарлықта белгіленген міндеттердің орындалу барысы жан-жақты түсіндірілді.

    Айта кетерлік жайт, жергілікті Кеңестердің қызметі одан әрі жетілдіріліп, Халық депутаттары, облыс, аудан, және қалалық Кеңестерде Ақпарат саясаты мен жергілікті билік органдарындағы ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрақты комиссиялар жұмыс бастады.

    Әрбір мемлекет кеңсесі мен әкімдікте ақпараттық саясатты жүргізуге тікелей жауапты ақпарат қызметтері қалыптастырылғаны айтылды.

    Семинар барысында өткен жылдарда БАҚ және әлеуеттік желілерде жарияланған сыни түрдегі материалдарға қарағанда ақпарат қызметтері тарапынан білдірілген пікірлер реал іс жүзіндік жағдайлар мысалында қаралды. Айтылуынша, 2019 жылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сыни-талданған материалдарға жауап беру практикасы 12 пайызды құраса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 93 пайызға жеткені атап өтілді.

    Шара соңында ақпарат саясаты бағытында тұрақты комиссия төрағалары, хатшылық меңгерушілерінің біліктілігін арттыру, осы жөнінде саладағы мамандармен ынтымақтастықты кеңейтуге келісілді.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates