Осы күн электр станциясының жалпы қуаты 950 МВтты құрайды, бұл әлемдегі ең үлкен күн энергиясының бірі болып табылады. Онда күн технологиясына негізделген электр энергиясын өндірудің 3 түрін тиімді пайдалану арқылы тәулігіне 24 сағат бойы жасыл энергия өндіріледі.
Бұл бағытта Өзбекстанның Энергетика министрлігі нәтижелі жұмыс жасап жатқанын айта кету керек. Атап айтқанда, соңғы 3 жылда халықаралық компаниялармен бірлесе отырып, күн және жел электр станцияларын құру бойынша 10 келісімге қол қойылды. Осы қысқа мерзімде Президентіміз күн және жел электр станцияларын құруға қатысты 9 қаулыға қол қойды.
Жүйелі жұмыстың нәтижесінде 2021 жылдың август айында Науаи облысының Кармана ауданында бірінші ірі қуаттылығы 100 МВт күн фотоэлектр станциясы іске қосылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Самарқант облысының Нурабат ауданында екінші ірі қуаттылығы 100 МВт үлкен күн фотоэлектр станциясын іске қосу жоспарлануда.
“ACWA Power” компаниясы Өзбекстанда жалпы қуаты 2 600 МВт болатын жылу, күн және жел электр станцияларын салады.
Атап айтқанда, Бұхара облысының Пешку және Ғыждуан аудандарында әрқайсысының қуаты 500 МВт болатын екі жел электр станциясы 2023 жылдың декабрь айында пайдалануға беріледі. Қарақалпақстан Республикасының Қараөзек ауданында да қуаты 100 МВт жел электр станциясы салынады.
Сонымен қатар, компания 2023 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылуы жоспарланған Сырдария ауданының Ширин қаласында қуаты 1500 МВт жылу электр станциясын құруда.
Өзбекстан делегациясының өкілдері елімізде тек күн батареялары арқылы электр энергиясын өндіру ғана емес, күн технологиясы негізінде электр энергиясын өндірудің барлық түрлерін тиімді пайдалану бойынша зерттеулер жүргізді.
Энергетика министрлігінің басқарма басшысы Абдуллажон Отабоевтың айтуынша, бұл станция еріген тұзды пайдаланатын ұзақ мерзімді энергия сақтау сипатына ие. Сондықтан станция түнде де тиімді электр энергиясын өндіреді. Зерттеудің мақсаты – бұл тәжірибені елімізге кезең-кезеңімен енгізу болып саналады.
Ақпарат үшін, Өзбекстанның энергетика апталығы ағымдағы жылдың 12-16 февраль күндері «ЭКСПО 2020 – Дубай» халықаралық көрмесінің Өзбекстан павильонында ұйымдастырылды.
Онда Энергетика министрлігі, «Узбекнефтегаз» АҚ, «Жылу электр станциялары» АҚ жобаларының тұсаукесері, “В2В” форматындағы кездесулер мен келіссөздер өткізіледі деп күтілуде, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.