Иран компаниясы «Узчармсаноат» бірлестігі құрамындағы шетелдік кәсіпорын ретінде жұмыс істейді

    Инвестициялар 29 Noyabr 2022 1231

    «Узчармсаноат» бірлестігі мен Иран Ислам Республикасының «Hamidi Plast» компаниясының өкілдері арасында екіжақты ынтымақтастық байланыстарды дамыту және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кездесу өтті.

    Кездесуде ең алдымен Иран копаниясына Бірлестік басшылығы тарапынан еліміздегі былғары-аяқ киім өнеркәсібінің өндірістік әлеуеті, инвестиция, экспорттық көрсеткіштері, шетелдік инвесторларға жасалып жатқан жағдайлар мен жеңілдіктер туралы толық ақпарат берді.

    Айта кетейік, «Hamidi Plast» компаниясы Самарқант облысының Үргут ауданындағы шағын индустриялық аймаққа 400 мың АҚШ доллары көлеміндегі инвестицияның орнына маусымдық аяқ киім шығаруға маманданған жаңа жобаны жүзеге асырды. Компания бүгінде елімізде шығарылмайтын маусымдық аяқ киім үлгілерін шығаруды мақсат етіп отыр. 2023 жылдан бастап кәсіпорын толық қуатта жұмыс істей бастайды.

    Кездесу барысында Иран компаниясы алда Өзбекстанда «EVA» түйіршіктерін өндіруге арналған жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыруды мақсат етіп отырғанын хабарлады. Сұхбатта жаңа кәсіпорынды құрып, шикізат базасын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, «Hamidi Plast» компаниясының Білестікке мүшелікке қабылдау бойынша өтініші қаралды. Енді Иран компаниясы «Узчармсаноат» бірлестігі құрамындағы шетелдік кәсіпорын ретінде елімізде қызметін жалғастырады, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    Кездесу соңында жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша алда тұрған міндеттер туралы пікір алмасылды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates