Еуропа Одағы және Орталық Азияның Ауғанстан бойынша арнайы өкілдерінің екінші кездесуі өтті

    2022 жылғы 31 майда Алматы қаласында ЕО және Орталық Азияның Ауғанстан бойынша арнайы өкілдерінің екінші кездесуі өтті.

    Кездесу қатысушылары Ауғанстандағы ауыр гуманитарлық жағдайға алаңдаушылық білдіріп, елдің халықаралық қаржылық активтеріне қатысты қойылған шектеулерді алып тастау және Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсету маңыздылығын айтты.

    БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Д.Лаянс, ЕО-ның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Т.Никлассон, Қазақстан Президентінің халықаралық ынтымақтастық бойынша арнайы өкілі К.Қазыхан Өзбекстанның Ауғанстанға гуманитарлық көмекті жеткізіп беру үшін шекаралас Терміз қаласында көпфункциялы транспорт-логисткалық хабты жаратудағы іс-әрекеттерін жоғары бағалады, сондай-ақ Сұрхандария облысындағы Ауғанстан азаматтарын оқыту орталығының жұмысына жоғары баға берді.

    Шара барысында Ауғанстан дағдарысын бейбіт жолмен шешу, елдің аймақтық интеграция үдерісіне белсенді қатысуы, оның экономиканы тіктеу және Ауғанстанда түрлі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша халықаралық және аймақтық іс-әрекеттер талқыланды.

    Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Исматулла Иргашев өз сөзінде Өзбекстанның Ауғанстанға қатысты саясатының негізгі жақтарына, елдің жаңа үкімет әкімшілігіне, сондай-ақ олармен конструктивті диалог орнату қажеттілігіне тоқталды.

    Қатысушылар Ауғанстанда түрлі лаңкестік күштер тарапынан аймақтағы елдерге және басқа елдер үшін ықтималды қауіп ретінде пайдаланылуы мүмкін болған олқылықтың қайта пайда болуының алдын алуға назар аударды.

    Еуропа Одағы пен Орталық Азия бойынша арнайы өкілдер Ауғанстанның жаңа үкіметінің кең өкілдікке негізделген үкімет құруы, Ауғанстандағы әйелдер мен этникалық азшылықтардың құқықтарын құрметтеу, сондай-ақ мемлекет аймағының халықаралық лаңкестердің баспанасына айналуының алдын алу бойынша өз уәделері мен халықаралық міндеттемелерін орындау қажеттігін атап өтті.

    Бүгінгі таңда ауған қыздарын толық мектеп біліміне тезірек тарту мәселесі үлкен мәнге ие екені айтылды.

    Шара соңында қатысушылар Қорытынды мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates