Еуропа дипломаттарыменсұхбат кезінде Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Владимир Норов елдің өнеркәсіп әлеуетін арттыру, сондай-ақ Еуропа елдерінің озық технологиялары мен ноу-хауларын тарту Өзбекстанның экономикалық дамуының басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Өнеркәсіптік кооперациясы алаңдарының бірі 2019 жылы Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың бастамасымен мемлекеттік-жеке серіктестік ретінде құрылған «ТЕХНОPARK»  ЖШҚ болып, оның қызметі жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті, экспортқа сай  және импорт орнын басатын өнім өндіру қуатын жаратуға бағытталған.

Дипломатиялық корпус өкілдері өндіріс алаңдарын барып көрді, технопарк кәсіпорындарында өндірілетін құрылыс материалдарымен, тұрмыстық техникамен, лифт пен эскалаторлармен, су сорғыларымен, металл конструкцияларымен, панельдік радиаторлармен және басқа да өнімдермен танысты.

Биылғы жылы «TEXNOPARK» жауапкершілігі шектеулі қоғам газ қазандықтарын, базальттан жылу оқшаулағыш материалдарын, HPL-панельдерін шығаруды жоспарлап отыр. Автоматтандырылған логистикалық орталықты іске қосуды да көздеп отыр. Бұл жобаларды жүзеге асыру 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға және экспорт географиясын  30 елге кеңейтуге мүмкіндік беретіні айтылды.

Еуропалық серіктестер «TEXNOPARK» жауапкершілігі шектеулі қоғамның әлеуеті мен мүмкіндіктерін жоғары бағалап,  Өзбекстанмен өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.