Қонақтарға еліміздегі макроэкономикалық жағдай, банк жүйесі мен салада атқарылған реформалар, атап айтқанда, ірі мемлекеттік банктерді жекешелендіру үдерістері туралы ақпарат берілді.

Тараптар өзара ынтымақтастық аясында жүзеге асырылатын жобаларды, соның ішінде ақша-несие саясатының трансмиссиясын жетілдіру, ақша  және репо аукциондар базарын дамыту мәселелерін талқылады. 

Сондай-ақ «жасыл» қаржыландыру саласында ауқымды ынтымақтастық жасау туралы келісілді, деп хабарлайды Орталық банктің баспасөз қызметі.