Өзбекстан Республикасы Президентінің «Фармацевтика саласын жедел дамытуға қатысты қосымша іс-шаралар туралы» жарлығы (ПФ-13-санды, 28.01.2025 ж.) қабылданды.

Жарлыққа сәйкес, Фармацевтикалық саласын дамыту агенттігінің міндетіне төмендегілер қосымша міндеттер жүктелді:

биологиялық белсенді қоспалар мен косметика өнімдері өнеркәсібін дамыту, сонымен қатар базар конъюнктурасын үйрену, талдау және өндірісті жергіліктендіру, осы саладағы кәсіпорындарға алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибелер мен стандарттарды енгізуге көмектесу;

жергілікті әкімдіктермен брге аумақтық фармацевтикалық кәсіпорындардың инвестициялық жобаларын мониторинг жасау және есебін жүргізу;

фармацевтика саласын цифрландыру және ақпараттық бағдарламаларды енгізу.

2025 жылдың соңына қарай Фармацевтикалық өнімдердің қауіпсіздігі орталығының зертханасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала квалификациясы  (prequalification) тәртібінен өтеді.

2025 жылдың 1 апрелінен бастап:

шектелген сауда үстемелері тек рецепт бойынша берілетін дәрілік заттардың санатына ғана қолданылады;

бір өндіруші түрлі сауда аттарымен құрамы бірдей болғандәрілерді өндіруде осы дәрілердің барлығына  ең төменгі референт баға қолданылады;

«Фармацевтикалық өнімдердің қауіпсіздігі орталығы» тарапынан шетел валютасында белгіленген референт бағалар көрсетілген жағдайларда автоматты түрде (кәсіпкердің өтінішінсіз) қайта қаралады.