Фармацевтикалық өнімдерді өндіру және аймақтық базарларға шығуда Польшамен ынтымақтастық орнатылады

    Үстіміздегі жылдың 25 июлінде Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Акрам Алиев Польша Фармацевтика өнеркәсібі ассоциациясының президенті Кшиштоф Копе басшылығындағы Польша фармацевтика өнеркәсібінің делегациясымен кездесті.

    Делегация құрамында Польшаның екі ірі фармацевтикалық компаниясы – Adamed Pharma және Polpharma Group басшылары да болды.

    Польша тарапы Өзбекстанда қысқа мерзімде жасалған іскерлік ортаны жоғары бағалады. Сонымен қатар, Польша тауарларының Өзбекстан базарына интеграциялануы үшін маңызды қадам болуы мүмкін болған сапа мен қауіпсіздік стандарттарын үйлестірудің маңыздылығына назар аударылды.

    Елімізде фармацевтикалық өнімдерін өндіруді ұйымдастыру мүмкіндіктері мен ірі аймақтық базарларға жеңілдікпен шығуының қолжетімділігі талқыланды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара мүдделі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді және талқыланған мәселелер мен бастамалар аясында болашақ ынтымақтастық форматын әзірледі, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates