Президент фармацевтика және электротехника саласы бойынша жиын өткізді

    Билік 28 Noyabr 2023 3423

    Президент Шавкат Мирзиёев 28 қарашада фармацевтика және электротехника салаларындағы өндірісті одан әрі қолдау, кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

    Өзбекстанда осы екі салаға қажетті шикізат пен жеткілікті жағдай бар. Атап айтқанда, соңғы алты жылда фармацевтика саласындағы өндіріс 3 есеге, экспорт 6 есеге артты. 525 миллион долларды құрайтын 177 жоба іске қосылып, жалпы 50 мың жұмыс орны ашылды.

    Бірақ бұл әлі қолда бар мүмкіндік пен сұраныс деңгейінде емес. Мәселен, республикада жылына 1,6 миллиард долларлық дәрі тұтынылады. Отандық өнімнің үлесі небәрі 18 пайызды құраса, қалғаны импорттың есебінен өтеледі.

    Сондықтан жиында жергілікті өндірісті дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

    – Соңғы жылдары бұл салаға көп қолдау көрсетіліп, қаржы бөлініп, фармацевтикалық аймақтар құрылды. Бірақ ол толық пайдаланылмайды. Жергіліктендіруді кеңейту, кәсіпкерлердің жобаларын қолдау, олардың өнімдерін сатып алуды қамтамасыз ету қажет. Мұның артында қанша жұмыс орны, қанша адам ризалығы бар, - деді Шавкат Мирзиёев.

    Осы орайда шетелдік тәжірибені зерттеп, елге танымал брендтерді тартудың маңыздылығы айтылды. Атап айтқанда, Өзбекстанда ең көп тұтынылатын 50 дәріні шығару арқылы жергіліктендіру үлесін 35 пайызға дейін арттыруға болатыны көрсетілді.

    «Tashkent Pharma Park» кластерінің құрылысын жеделдетіп, оған жеке серіктес тарту керектігі айтылды. Сондай-ақ, фармацевтикалық кәсіпорындарға «GMP» халықаралық стандартына көшуге және таңбалау жүйесін құруға көмек көрсетіледі.

    Жалпы бұл салада құны 1,5 миллиард долларды құрайтын 173 жоба қалыптастырылған. Оларды қаржыландыруға 600 миллион доллар бөлінеді.

    Соның нәтижесінде шенеуніктер 2024 жылы 400 миллион долларлық өнім өндіріліп, 160 миллион долларлық экспортқа шығарылатыны туралы ақпарат берді.

    Жиында электротехника саласына қатысты мәселелер де талқыланды.

    Соңғы алты жылда бұл салада құны 640 миллион долларды құрайтын 224 жоба іске қосылды. Биылғы жылдың соңына дейін экспорт 1 миллиард долларға жетеді деп күтілуде.

    Бұл ретте республикаға жыл сайын 800 миллион доллардың электротехникалық тауарлары импортталуда. Жалпы біздің аймақта 3 миллиард долларлық нарық бар.

    Осында лайықты орын алу үшін беделді брендтермен ынтымақтастық орнатып, бәсекеге қабілетті өнім шығару керектігі айтылды. Келесі жылға жоспарланған 2 миллиард долларды құрайтын 141 жобада бұған ерекше мән берілмек.

    Биылғы жылы 2 гигаваттық күн және жел электр станциялары, ал 2024 жылы тағы 4 гигаваттық электр станциялары іске қосылады. Оларға көптеген кабель, генератор, инвертор, трансформаторлар қажет. Бұл өнімдерді жергіліктендіріп, халықаралық сапа сертификаттарын алу міндеттелді.

    Салаға озық технология, инновация және халықаралық стандарттарды енгізуді мемлекет тарапынан қолдауға 100 миллион доллар бөлінетіні белгілі болды.

    Шенеуніктер келесі жылы өндіріс көлемін 20 пайызға арттырып, мыс өңдеу көлемін 140 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ экспортты 1,5 миллиард долларға, ал 2025 жылы 2 миллиард долларға жеткізу мүмкіндігі бар екені айтылды.

    Жиында облыс әкімдері мен кәсіпкерлердің аталған салалардағы проблемалар мен міндеттерге қатысты ұсыныстары тыңдалды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates