Президент көлік және логистика жүйесін дамыту бойынша тапсырмалар берді

    Президент Шавкат Мирзиёев 11 қаңтар күні көлік және логистика жүйесін одан әрі дамыту шараларына арналған тұсаукесермен танысты.

    Кейінгі жеті жылда жергілікті тасымалдаушыларды қолдаудың нәтижесінде жүк көліктерінің саны 7 есеге артып, 26 мыңға жетті. Олардың халықаралық тасымалдағы үлесі 35 пайыздан 60 пайызға өсті.

    Алайда әлемдегі геосаяси жағдай бұл салада қиындықтар тудырып отыр. Батыс бағытындағы тасымал уақыты екі есеге, ал шығындары 1,5 есеге дейін өсті. Кейбір Еуропа елдерінің шекара бекеттері жабылған, ал басқаларында ұзын-сонар кезектер пайда болған.

    Осы себепті көлік-логистика жүйесін тұрақты дамыту және сыртқы сауда бағыттарын әртараптандыру қажеттілігі атап өтілді.

    Атап айтқанда, халықаралық және аймақтық нарықтарға шығатын балама бағыттар бойында орналасқан елдермен транзиттік жүк тасымалын жеңілдету және еркіндету, шекарадағы алымдарды өзара теңдік негізінде азайту немесе жою бойынша шаралар қабылдау қажет.

    Өзбекстанда жүк жөнелтуші мен тасымалдаушыны байланыстыратын экспедиторлық қызметтердің негізгі бөлігі шетелдік компанияларға тиесілі. Бұл салада жергілікті экспедиторларды қолдау мақсатында олардың халықаралық жүк тасымалындағы қызметтеріне қосымша құн салығы алынбайтын болды. Нәтижесінде, жергілікті компаниялардың үлесін 45-50 пайызға дейін арттыру мүмкіндігі көрсетілді.

    Осындай шаралар арқылы халықаралық жүк тасымалы көлемін 2 есеге арттыру және көлік қызметтері экспортының көлемін кемінде 3 миллиард долларға жеткізу міндеті қойылып отыр.

    Өзбекстан аумағы арқылы транзиттік тасымал көлемін ұлғайту да маңызды. Бұл тұрғыда жасалып жатқан жеңілдіктердің нәтижесінде республикада соңғы жылдары Дүниежүзілік банктің логистика бойынша индексінде жоғарылап келеді. Бұл транзиттік әлеуетпен бірге инвестиция ағынын арттыруға және жалпы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға ықпал етеді.

    Жауапты тұлғаларға электрондық кезек жүйесін кеңінен енгізу арқылы шекарадан өту уақытын 20 минутқа дейін қысқарту, көлік құралдарын онлайн бақылау жүйесін жолға қою арқылы қосымша жүк ағындарын тарту тапсырылды.

    Тағы бір мәселе – бағытсыз такси қызметіне қатысты. Екі жыл бұрын жеке тұлғаларға өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде такси жүргізушісі болуға уақытша рұқсат берілген еді. Осының нәтижесінде такси жүргізушілерінің саны 6 есеге артып, 457 мыңға жетті. Сондықтан енді бұл тәртіп тұрақты болатыны айтылды.

    Таксилерге клиент табуды жеңілдететін ақпараттық қызметтер нарығы қалыптасты. Қазіргі таңда 151 агрегатор-компания жұмыс істеп жатыр және бұл көрсеткіш өсуде. Осыған байланысты агрегаторлар қызметін ретке келтіру, олардың мемлекет, жүргізушілер мен жолаушылар алдындағы міндеттерін нақты белгілеу міндеті қойылды.

    No date selected
    January 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates