Оған Сенат мүшелері, Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кенгесі, халық депутаттары облыстық және Ташкент қаласы Кеңестерінің тұрақты комиссияларының төрағалары, сараптамалық топ мүшелері, Жастар парламенті, тиісті министрліктер мен кеңселердің мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мәжілісте Сенаттың кезектегі  жалпы мәжілісінде талқыланатын мәселелер бірінші оқылуда қаралды.

Атап айтқанда, 2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясын «Адам қадірін ұлықтау және белсенді махалла жылында» жүзеге асыруға қатысты мемлекеттік бағдарламаның 2022 жылдың бірінші тоқсанында орындалуы бойынша Министрлер Кабинетінің есебі қаралды.

Сонымен қатар, сенаторлар Фермерлік шаруашылықтардың қызметін кепілдеуді қамтамасыз ету туралы Премьер-министрдің орынбасары Ш. Ғаниевтің ақпаратын да талқылады.

Бүгінгі таңда фермерлік шаруашылықтардың қызметіне қатысты статистикалық мәліметтерді қалыптастырудың бірыңғай тәжірибесі жоқ екені айтылды. Бұл өз кезегінде, фермерлік шаруашылықтар бойынша нақты деректерді қалыптастыруға, олардың қызметіндегі  өзекті мәселелерді дұрыс талдауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан жерге меншік құқығына байланысты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіріп, жер қатынастарын шынайы базар қатынастары деңгейіне жеткізу қажет екендігі айтылды.

Комитет мүшелері «Ауызсумен қамтамасыз ету және кәріз суларды ағызып жіберу туралы», «Өсімдіктер карантині және қорғау туралы заңдылықтардың жетілдірілуіне байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» заңдарды талқылады.

«Ауызсумен қамтамасыз ету және кәріз суларды ағызып жіберу туралы» Заңмен Өзбекстан Республикасы Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету министрлігі ауызсумен қамтамасыз ету және кәріз суларды ағызып жіберуде  арнайы өкілетті мемлекеттік орган етіп, министрлік құзырындағы  Ауызсуды пайдалануды бақылау инспекциясы және оның аумақтық инспекциялары салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы орган екені, сондай-ақ олардың өкілеттері белгіленеді.

Тұтынушыларға негізсіз деп есептелген төлемдердің жартылай мөлшерде ауызсумен қамтамасыз ету ұйымынан өтемақы (пеня) талап ету құқығы беріледі. Сондай-ақ, Ауызсуды пайдалануды бақылау инспекциясына кәріз суды ағызу құбырларына ластайтын заттарды мөлшерден тыс ағызған тұлғаларға қатысты өтемақы төлемдерін өндіру құқығы беріледі.

Комитет жиналысында, сондай-ақ «Өсімдіктер карантині және оны қорғау туралы заңдылықтың жетілдірілуіне байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» Заң да жан-жақты талқыланды.

Осы Заңның қабылдануы нәтижесінде карантинге жатқызылған өнімдерді өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және өткізу кезінде зиянкестердің алдын алу іс-шараларын уақтылы және сапалы жүзеге асыруға қол жеткізілетіні айтылды.

Мәжілісте қаралған мәселелер бойынша Комитеттің тиісті қаулылары қабылданды.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.