Саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму болашағы талқыланды.

Мамандардың өзара сапарлары, оқытушылар мен студенттер алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру арқылы білім беру саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды.

Кездесуде инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен фармацевтика саласында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Тараптар көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделі екенін білдірді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.