Азаматтар жиындары төрағаларының өкілеттерінің аяқталуына байланысты Сенат Кеңесі Өзбекстан Республикасы Конституциясының 105-бабы, сондай-ақ «Азаматтардың өзін-өзі басқару органдары туралы» және «Азаматтар жиыны төрағасы (ақсақалы) сайлауы туралы» заңдардың тиісті баптарына сәйкес, азаматтар жиындары төрағаларының (ақсақалдардың) кезектегі сайлауы осы жылдың май айында өткізу туралы қаулысы қабылданды.
Осы қаулы негізінде Сенат Төрағасының басшылығында Азаматтар жиындары төрағаларының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге көмектесуші республикалық комиссия құрылды. Азаматтар жиындары төрағаларының (ақсақалдар) сайлауын ұйымдастыру және өткізу бойынша шаралар жоспары және сайлау бюллетенінің үлгісі бекітілді.
Сонымен қатар, аумақтарда сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге көмектесетін комиссиялар құру, сайлауды ұйымдастыру мен өткізуде азаматтар жиындарына жан-жақты көмек көрсету, сайлау кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сайлау учаскелерінде медициналық қызмет көрсетуді тиімді ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық талаптарын, карантин ережелерді сақтауды бақылау, сондай-ақ сайлау үдерісін кең жарыту бойынша маңызды міндеттер белгіленді.
* * *
Осы күннің өзінде Азаматтар жиындары төрағаларының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге көмектесуші республикалық комиссияның бірінші жиыны өтті. Онда алдағы сайлауға даярлық жасауға және оны өткізуге байланысты бірқатар мәселелер талқыланды.
9300-ден астам азаматтар жиындары төрағаларының сайлануын айта келе, Республикалық комиссияның төрайымы Т.Нарбаева бұл реттегі сайлаулар еліміз дамуының айрықша жаңа басқышында, сондай-ақ махалла институты қызметінің тиімділігін арттыру, оны қоғамдық басқаруы мен бақылаудың тірек буынына айналдыру Даму стратегиямыздың үстем бағыты етіп белгіленген тарихи кезеңде өтетініне тоқталды.
Азаматтардың сайлауға қатысуға конституциялық құқығын толық іске асыру үшін қажет болған барлық ұйымдастырушылық-құқықтық жағдайларды жасау, сайлау үдерісіне жастар мен әйелдерді кеңінен жұмылдыру, сайлау қатысушылары заң талаптарын сақтау, соның ішінде ашықтық, баламалы және тең сайлау құқығы қағидаларына мойынсұнуын қамтамасыз ету алдағы сайлауға дайындық жасау мен оны өткізу маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Ашықтық кез келген сайлаудың әділ өтуінің қажетті шарты болып табылады. Осыған байланысты сайлауды ұйымдастыру мен өткізудегі ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету үстем бағыт ретінде белгіленді.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.