Сұхбат кезінде  Өзбекстан мен БЖКБ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Ғ.Фозилов  Өзбекстанда адам құқықтары мен еркіндіктерін  қорғауды қамтамасыз ету, ұлттық заңдылықты бұл жөніндегі әлем стандарттарымен  сәйкестендіру, міндеттемелерді тиімді жүзеге асыру, халықаралық институттармен ынтымақтастықты кеңейту бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар туралы БЖКБ делегациясы мәлімдеді.

Х.Шоддер Өзбекстанның азаматтық саласындағы қатынастарды реттеудегі тәжірибесін, соның ішінде, жаңа редакцияда «Азаматтық туралы» Заңның  қабылданғанын жоғары бағалады. Республиканың осы саладағы практикалық іс-шаралары дүние жүзінде азаматтығы болмаған  азматтарды азайту бойынша  жаһандық іс-әрекеттерге біріңгай сәйкес келетіні атап өтілді.

Кездесуде  Ауғанстандағы жағдай жөнінде де пікір алмасты. Х.Шоддер Өзбекстан тарапына БҰҰ БЖКБ-ға Ауғанстанға гуманитарлық көмек жүктерін жеткізуде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Келіссөздер барысында екі тарапты да қызықтыратын басқа да мәселелер талқыланды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.