Гүлістан қаласында «Әлди – киелі жыр» конкурстық-байқауы өтті

    Әлди — ұлттық құндылықтарымыздың баға жетпес үлгісі саналады және ол сәбидің жадында өмір бойы сақталады. Балаға өз анасынан асқан мейірімді жан жоқ. Анасының дауысынан асқан тәтті әуен жоқ.

    Сырдария облысының құрылғанына 60 жыл толуына орай облыстық Отбасы және әйелдер басқармасы ұлттық құндылықтарымызды сақтау, халқымыздың ұлтымызға, киелі әлдиімізге деген құрмет, отбасы институтын нығайту, жас ұрпақты отаншылдық рухында тәрбиелеу, дүние бесігін тербеткен аналарға деген мейір-шапағат пен құрметті көрсету, өсіп келе жатқан жас ұрпақты ата-ананы құрметтеуге, перзенттік парызын сезініп толық орындауға тәрбиелеу мақсатында барлық аудан, қалаларда «Әлди» конкурстық-байқауы өтті.

    - Әлди айту өнерін үйрену, сол арқылы баланың бойына ана махаббатын ұялату, оның болмысын сезінуіне көмектесу – жас аналардың бала алдындағы борышының бірі», - дейді облыстық «Оқила аёллар» қозғалысының басшысы Хаятхан Ортиқбоева. – Өйткені, балалардың жүрегінде отбасына, туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруда әлдидің рөлі өте зор.

    Байқау жеңімпаздары «Жас аналар әлдиі», «Балаларға әлди айтуды үйрету», «Немерелерге айтылған ең жақсы әлди» сынды номинациялар бойынша марапатталды.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

    Белгілі өнер қайраткерлері және жас өнерпаздардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламаны әсем билер одан ары шараны қыздыра түсті.

    Сырдария облыстық отбасы және әйелдер басқармасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates