«Hassan Allam Holding» компаниясы Өзбекстанда біріккен жобаларды жүзеге асыру ниетінде

    Инвестициялар 29 Avgust 2023 1403

    Үстіміздегі жылдың 28 авгусында Өзбекстан Республикасының инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов «Hassan Allam Holding» компаниясының атқарушы директоры Махмуд Эл-Эссавимен келіссөздер жүргізді.

    Сұхбатта негізгі назар компанияның тәжірибесі мен инвестицияларды тарту болашақтары мен еліміздің экономикасының маңызды салаларындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға қаратылған.

    Анықтама үшін: Hassan Allam Holding 1936 жылы құрылған. Мысырдағы ең ірі қаржылық және өнеркәсіптік корпорациялардың бірі. Соңғы 5 жылда ол Таяу Шығыс пен Африка елдерінде 70 жобаны нәтижелі жүзеге асырды. «Forbes» компанияны 100 ең үздік араб отбасылық кәсіпорындар рейтингіне енгізген. Оның активтері 8 миллиард доллар, ал жұмысшылар саны 45 мыңды құрайды.

    Мысыр тарапы Өзбекстанда соңғы жылдары жүзеге асырған өзгерістерді жоғары бағалады және біріккен жобаларды өмірге енгізуге қатысуға дайын екенін білдірді. Атап айтқанда, энергетика, сумен қамтамасыз ету, металл және химия өнімдерін өндіру сияқты салалардағы ынтымақтастық болашақтары қарастырылды.

    Кездесу соңында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша Біріккен «Жол картасына» қол қою және қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруды бастау мақсатында компанияның бас директорының Өзбекстанға сапарын ұйымдастыру мәселелері келісілді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.