Өзбекстанда жақын күндері жауын-шашын күтілмейді, тек бүгін, 30 октябрьде Қарақалпақстан Республикасында, Ташкент облысының тау бөктерлері мен таулы аймақтарында жаңбыр жауады. 3 ноябрь күні, ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +23...+25 градусқа дейін көтеріледі.

4 ноябрьден бастап солтүстік аумақтарға ылғалды ауа массасы кіріп келеді деп күтілуде, ол алдағы күндері республиканың барлық аймақтарына әсер етеді. 4 ноябрьде Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында, ал 5-7 ноябрь аралығында Өзбекстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, таулы аймақтарда қарға айналады. 7 ноябрь күні ауа температурасы түнде +6...+9, күндіз +12...+17 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Кейіншелік, ай барысында солтүстік аумақтар бойынша ауа температурасы түнде 0...+5 жылыдан  -5...-10 дәреже суыққа дейін, күндіз  +12...+17 градус жылыдан 0... +5 градус жылыға дейін өзгеріп тұрады.

Оңтүстік аумақтарбойынша  ауа температурасы түнде +5...+10 градус жылыдан -3 градус суық +2 градусқа дейін жылы, күндіз +18...+23 градус жылыдан +7... +12 градус жылыға өзгереді.

Орталық және шығыс аумақтар ауа температурасы түнде +2...+7 градус жылыдан -3...-8 градус суыққа дейін,  күндіз +15...+20 градус жылыдан +3.. +8 градус жылыға дейін өзгеріп тұруы мүмкін.

Ташкент қаласында 31 октябрьден 3 ноябрьге дейін аралығында жауын-шашынның болуы шамалы, ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, ал 3 ноябрьге қарай ауа температурасы түнде +9...+11, күндіз +23...+ 25 градусты құрайды.