Өңірлердегі қан қызметі мекемелеріне жылжымалы донорлық кешендер тапсырылды

    Денсаулық 16 Mart 2023 1974

    Бүгін астанамыздағы «Технопарк» кешенінде Республикалық қан құю орталығының өңірлердегі қанмен істеу қызметі мекемелеріне 13 жылжымалы донорлық кешен – арнайы автобустарды тапсыруға арналған шара өтті.

    Оған министрлік пен орталық мамандары, салаға қатысты медициналық мекемелерінің қызметкерлері және қалың жұртшылық өкілдері қатысты.

    Атап өтілгендей, соңғы жылдары сирек кездесетін жүрекке ота жасау, адам ағзасын трансплантациялау сияқты күрделі ота жасау тәжірибелерінің жолға қойылуы және қауіпті ауруларға нақтама қоюдың жақсаруы себепті қанның сапалы компоненттеріне деген қажеттілік артты.

    Мысалы, бүгінде бір бауыр трансплантациясына 30 литрге дейін қан плазмасы қажет. Бұл компонент 120 адамнан алынады. Осының өзі-ақ донорлықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

    Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес, мемлекеттер өз халқының қанға деген қажеттілігін өтеу үшін донорлар саны әр 1000 адамға 30 және одан да көп болуы керек. Біздің елімізде бұл сан шамамен 7,5 адамды құрайды.

    Шарада бұл туралы айта келе, елімізде жылжымалы донорлықты дамытып, осы мақсатта өңірлерде сапалы қан компоненттерін жинауды ұйымдастыру керектігі ерекше айтылды.

    Өңірлерге берілген «ISUZU HC40» маркалы автокөліктері негізінде дайындалған бұл жылжымалы донорлық кешендер де осыған қол келді. Айта кету керек, бұл автобустар арнайы кереуетпен, тоңазытқышпен, гемоконтейнермен, ауаны тазартуға арналған бактерияға қарсы шамдармен, кондиционермен және жарықтандырумен жабдықталған. Бір уақытта 3 донордан қан алуға болады.

    - Қазіргі заманғы медицина қаншалықты дамығанымен, адам қанына толыққанды балама әлі жасалған жоқ, - дейді Республикалық қан құю орталығының директоры Аълонур Саидов. – Осы себепті донорлық мәселесі қашанда өзекті.

    Айта кетерлік жайт, 2022 жылы елімізде 120 тонна жоғары сапалы донор қаны дайындалса, қан қорының 3/1 бөлігі өңірлердің үлесіне тура келуде. Алайда бүгінге дейін жергілікті қан қызметінде мұндай арнайы автобустардың жоқтығы жұмысты сапалы ұйымдастыруға кедергі келтірді.

    Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates