“IndiGo” авиакопаниясы Мумбайдан Ташкентке тікелей рейстерді ашады

    Көлік 5 Iyun 2025 1043

    Үндістанның лоукостер авиакомпаниясы Ташкентке екінші бағытты ашады.

    Ағымдағы жылдың 1 августтан бастап әуетасымалдаушы Мумбай-Ташкент-Мумбай бағыты бойынша тұрақты қатынауларды жүзеге асыруды бастайды.

    Рейстер аптасына төрт рет дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus A320 ұшағында жүзеге асырылуы жоспарланған.

    “IndiGo” - штаб-пәтері Үндістанның Гургаон қаласында орналасқан үнділік жекеменшік лоукостер авиакомпаниясы. Компания тұрақты рейстер саны мен әуе кемелерінің саны бойынша елдегі ең ірі әуетасымалдаушы саналады. “IndiGo” 2023 жылдың сентябрінен бастап Дехли-Ташкент-Дехли бағыты бойынша Өзбекстанға тұрақты рейстерді жүзеге асырып келуде.

    Жаңа бағыт – Мумбай, бұрын Бомбей атымен танылған Үндістанның қаржы орталығы және әлемдегі халқы ең тығыз орналасқан қала орталықтарының бірі. Үндістанның батыс жағалауында Араб теңізінің бойында орналасқан қала Болливудтың жүрегі және сауда, сән, ойын-сауық орталығы болып табылады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates