Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің Заң қызметі «Ең үздік заң қызметі – 2022» республикалық байқауында жеңімпаз атанды

    Іс-шаралар 4 Aprel 2022 2371

    Үстіміздегі жылдың 1 апрелінде Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен «Ең үздік заң қызметі – 2022» республикалық байқаудың финалдық басқышына қатысқан жалпы 7 мемлекеттік орган мен ұйымның заң қызметтері, соның ішінде Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі, Транспорт министрлігі, Мемлекеттік кеден комитеті, Мемлекеттік салық комитеті, «Узбекнефтегаз» АҚ, «Узсаноатқурилишбанк» АКБ, «Qishloq Qurilish Bank» АКБ арасында Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің заң қызметі байқаудың жеңімпазына, яғни бірінші орынға лайықты деп табылды.

    Осыған орай, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің басшылығы Заң басқармасы ұжымын қол жеткізген табыстарымен шын жүректен құттықтайды.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Әділет министрлігі байқауға қатысуға өтініш білдірген республикалық деңгейдегі 147 мемлекеттік орган және ұйымдардың заң қызметтері арасынан 7 финалистің атын жариялаған болатын.

    Осы байқау заң қызметтерінің ұйымдағы орнын көрсету арқылы еліміздегі басқа ұйымдарда кәсіби заңгерлер командасын құруға деген ұмтылысты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

    Онда заң қызметтерінің 2021 жыл барысында ұйымда белгіленген бағыттары бойынша атқарылған істер, атап айтқанда, демократиялық және құқықтық реформаларды жүзеге асыру, ұлттық заңдылықты жетілдіру және халықаралық-құқықтық қатынастардағы рөлі, қол жеткізілген жетістіктері Байқау комиссиясы тарапынан бағаланды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates