«Жібек жолы» фильмі Иордания халықаралық кинофестивалінде операторлық ісі үшін марапатталды

    Мәдениет 10 Oktabr 2022 2230

    Өзбек киношығармашылары түсірген «Жібек жолы» қысқаметражды фильмі Х Иордания халықаралық кинофестивалінің арнайы жүлдесін жеңіп алды.

    Иордания Мәдениет министрлігі ұйымдастырған фестивальдің жабылу салтанатында «Жібек жолы» фильмінің операторы Диор Исматов «Ең үздік жарықтандыру және суретке түсіру» аталымының жеңімпазы деп жарияланды.

    Марапаттау рәсімінде фестивальді ұйымдастырушылар өзбек шығармашылары түсірген бұл фильмді ерекше бағалады. Алдағы уақытта өзбек кинематографистерімен тығыз ынтымақтастық орнатуға және біріккен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екендіктерін танытты.

    Сыйлық Өзбекстанның Аммон қаласындағы Құрметті консулдығында тапсырылды.

    Фильмнің сценарий авторы - Шахжахан Субхонов, постановкашы режиссері Шерзод Назаров, постановкашы операторы Диер Исматов, суретшісі - Эркин Хушматов, көркемдік жетекшісі - Али Хамроев.

    Естеріңізге сала кетейік, «Жібек жолы» қысқаметражды фильмі «Жібек жолы жауһарлары» Ташкент халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін және «Ең үздік актер» аталымында, АҚШ-тың «AVFF-2021» («Asian World Film Festival») халықаралық кинофестивалінде “Азияның ең жақсы қысқа метражды фильм” аталымында, сондай-ақ Қазақстанның Алматы қаласында өткен «Bastau IFF» халықаралық студенттер мен дебютанттар кинофестивалінде «Ең үздік қысқаметражды фильм» бағыты бойынша жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates