Бұл кешен ел тарихымызда бұрын-соңды болмаған ұлы әрі ерекше жоба болып табылады. Қазіргі таңда ғимараттың құрылысы аяқталуға жақын.
Бұл орталық Мемлекет басшысының 2017 жылғы 23 маусымдағы жарлығына сәйкес басталған және 2018 жылғы Рамазан айтында Президент осы ғимараттың іргетасын қалау рәсіміне қатысқан еді.
Кешеннің құрылысы үш қабаттан тұрады және көне сәулет ескерткіштер стилінде бой көтеріп жатыр. Ұлттық күмбездер мен арка, ою-өрнектердің тамаша үйлесімі ғимаратқа ерекше көрік береді. Кешеннің төрт бұрышында биіктігі 34 метрлік мұнара, ортасында 65 метрлік күмбез орнатылған.
Орталықтың ең басты бөлігінде Құран Кәрім залы салынып жатыр. Мұнда мұсылман әлемінің рухани маржаны – көне Усман Мұсхафы орналастырылады. Сонымен қатар, Саманидтер, Қараханидтер, Хорасандар, Өзбекхан, Темурилер және басқа да тарихи әулеттердің кезеңінде жазылған қасиетті кітаптар мен олардың ескі өзбек тіліндегі аудармалары қойылады. Әлемдегі ең сирек қолжазба Құрандардың үлгілері де орын алады.
– Халқымыздың бай мұрасына қатысты көптеген кітаптар, түрлі елдерге таралған қолжазбалар, сирек деректер мен өнер туындылары бізге, өкінішке орай, беймәлім болатын. Міне, осы орталықтың арқасында тарихты зерттеуде үлкен қадам жасадық, жаңа дереккөздер пайда болды. Енді бұлардың әсері мен нәтижесі қандай болатыны маңызды? Оларды тек ескерткіш ретінде сақтап қана қоймай, ғылымға пайдалану, халқымызға, жастарымызға түсінікті тілде жеткізу, әлемдік қауымдастыққа кеңінен тарату керек. Бұл орын тек өткен туралы айтатын емес, тарихты, бүгінгі күн мен болашақты байланыстыратын, дамуымыздың негізгі бағыттарын анықтайтын ақыл-ой орталығы болуы тиіс, – деді Шавкат Мирзиёев.
Кешенде «Исламға дейінгі өркениеттер», «Бірінші Ренессанс дәуірі», «Екінші Ренессанс кезеңі», «20 ғасырдағы Өзбекстан», «Жаңа Өзбекстан – Жаңа Ренессанс» сияқты бөлімдер болады. Мемлекет басшысы олардың ғылыми тұжырымдамасына, жасалған жағдайға ерекше мән берді.
Бұл кезеңдердің тарихы әртүрлі қолжазба көздері, фотосуреттер және мультимедиялық құралдар арқылы беріледі. Хорезми, Ферғани, Фараби, Беруни, Ибн Сина, Бурханиддин Марғинани, Махмуд Замахшари, Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр, Әли Кушчи сынды ғұламалар мен ойшылдардың сан қырлы қызметі туралы мәліметтер берілген. Имам Бұхари, Имам Термизи, Хаким Термизи, Әбу Мансур Матуриди, Әбу Муин Насафи, Каффол Шоши, Абдулхалиқ Ғиждувани, Наджмиддин Кубро, Бахауддин Нақшбанд, Қожа Ахрар Вали сынды ғалымдардың исламдық ағартушылыққа қосқан үлесі жан-жақты қамтылған.
Бұл ретте кешенде ғылым-білімге меценат болған Бибіханым, Ханзодабегім, Гавхаршодбегім, Гүлбадан, Нодірабегім, Увайси, Анбар Атин сынды тарихымызда терең із қалдырған белгілі әйелдердің қызметі де көрініс тапқан. Бұл көрме бүгінгі қыздар үшін үлгі-өнеге.
Мемлекет басшысы орталықтың қызметі мен маңыздылығына тоқталды.
– Ислам өркениетінің және ислам ілімінің негізі – шын мәнінде ғылым, мәдениет, білім және тәрбие. Бұл біз құрып жатқан орталықтың негізгі идеясы мен іргетасы. Ең бастысы, еліміздегі ислам мәдениетімен байланысты бірнеше мың жылдық көне тарих бір жерде – осы кешенде жинақталған. Орталықпен танысқан адам осы тарихты анық көріп, исламның ең алдымен бейбітшілік, толеранттылық діні екенін, өзбек халқының әлемдік өркениетке қосқан үлесі зор екенін түсінеді, - деді Президент.
Орталық осы тапсырманы негізге ала отырып, ұлы бабалар мұрасын терең зерттеп, оны бүгінгі күннің өткір мәселелеріне жауап беруге қабілетті өмірлік күшке айналдыру қажеттігі айтылды. Осы мақсатта Өзбекстан халықаралық ислам академиясының, Имам Бухари, Имам Термизи, Имам Матуриди және басқа да халықаралық ғылыми-білім беру ұйымдарының қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан үйлестіру, заманауи қауіп-қатерлерге бірлесе отырып тиісті ғылыми жауап беру және надандыққа қарсы ағартушылықпен күресу керек.
– Нәсіп болса, бұл кешен біздің сәулет тәжірибеміз, Жаңа Өзбекстанның құрылыс мектебі, ғылыми-рухани әлеуетіміздің символы ретінде тарихқа енеді. Әр бөлімнің мазмұны мен мәні дәл осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Шетелдегі танымал мұражайлар мен кітапханалар, беделді мамандармен ынтымақтастық орнатылғаны, кітаптар мен мақалалардың жариялануы назар аударарлық. Бұл жұмыстар тұрақты әрі ғылыми негізде болуы үшін жұмысты жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет. Басты мақсатымыз – ұлттық болмысымызды түсіну және түсіндіру, – деді Мемлекет басшысы.
Орталық тарапынан бірқатар халықаралық ғылыми мекемелер және ұйымдармен, соның ішінде ЮНЕСКО, АЙСЕКСО-мен тығыз ынтымақтастық орнатылды. 2024 жылдың тамыз айында Ташкент және Самарқанд қалаларында «Ұлы бабалар мұрасы – Үшінші Ренессанстың негізі» тақырыбындағы VIII халықаралық конгресс өтті. Онда 35 мемлекеттен 200-ге жуық шетелдік ғалым қатысып, орталық бойынша құнды ұсыныстар мен пікірлер білдірді.
Құрылыс жұмыстары және экспозициямен танысу барысында Шавкат Мирзиёев орталықтың қызметін ұйымдастыру, оның мән-мағынасын байыту және жетілдіру туралы қажетті нұсқаулар берді.
Мемлекет басшысы осы жерде Ташкенттің туристік әлеуетіне арналған презентациямен де танысты.
Мұндай жобалар көп жерде іске қосылды. «Бектемір», «Мирзо Ұлықбек», «Миробод», «Юнусобод», «Яккасарой», «Янгихаёт» аудандарында тәулік бойы жұмыс істейтін ондаған туристік орындар ашылды.
Ташкенттің ескі қала аймағы ерекше тарихи мәнге ие. Жылдың барлық уақытында мұнда көптеген шетелдік туристер келеді. Сондықтан аудан туристік қызмет көрсетуге маманданған. Атап айтқанда, өткен жылы «Чорсу» базарының маңындағы «Гүлбозор» махалласында осындай көше ұйымдастырылған болатын. Абдулла Қодири атындағы мәдениет және демалыс саябағы да абаттандырылуда.
Енді бұларға сәйкес гастрономиялық және туристік көшелерді ұйымдастыру жоспарланған. Осы үшін 17 көше және 32 жабық көше таңдап алынған. Онда Ескі қаланың өзіне тән архитектуралық келбетін сақтай отырып, қосымша инфрақұрылымдар құрылатын болады.
Нәтижесінде аумақта кәсіпкерлер саны 250-ге артып, 1 мың 500 жұмыс орны ашылады. Маңыздысы, күнделікті туристер саны қазіргі 4 мыңнан 11 мыңға дейін көбейеді деп күтілуде.
Жауапты тұлғаларға кәсіпкерлер мен қолөнершілер үшін қолайлылықтарды арттыру, саяхаттарды мазмұнды әрі қызықты ұйымдастыру жөнінде нұсқаулар берілді.