Испания БАҚ: Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясы – жаңа үстем бағыттар

    Испанияның жетекші халықаралық онлайн-басылымдарының бірі «El Mundo Financiero» беттерінде «Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясы – жаңа үстем бағыттар» атты мақаласын жариялады.

    Онда Өзбекстанда мемлекет басшысының «Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясы туралы» жарлығының жобасы жалпыхалық талқылауына қойылғаны оқырмандар назарын тартты.

    Өзбекстан Президенті жарлығының жобасында жеті үстем бағыт бойынша іс-шараларды қамтитын «жол картасын» бекіту көзделгені атап өтілді.

    «Адамның қадірі үшін» қағидаты негізінде әзірленген жеті үстем бағыт адам намысын, қадір-қасиетін құрметтеу арқылы адамгершілікті мемлекет құру, еркін азаматтық қоғамды одан әрі дамыту, әділдік пен заңның үстем қағидаттарын елдің дамуының негізгі қажетті шарттарына айналдыру, ұлттық экономиканы дамыту, оның өсу қарқынын заман талабына сай қамтамасыз ету, әділ әлеуметтік саясат жүргізу, адам капиталын дамыту, рухани дамуды қамтамасыз ету, түбегейлі реформалау және осы саланы жаңа деңгейге көтеру, жаһандық мәселелерді ұлттық мүдде негізінде шешу, еліміздің қауіпсіздігі мен қорғаныс әлеуетін нығайту, ашық әрі прагматикалық, белсенді сыртқы саясатты жүргізу мақсаттарын қамтыған, — деп жазады испан баспасы.

    Басылым Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясында экономикалық дамудың алдағы бес жылға арналған негізгі бағыттары белгілеп алынғаны айтылды, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    Сондай-ақ «El Mundo Financieroда» «Стратегия тұрғындардың жан басына шаққандағы өндірісті сапалы әрі айтарлықтай дәрежеде арттыру, өнеркәсіпті көбейту және миллиардтаған инвестицияларды тарту сияқты үлкен мақсаттарды көздеген. Жалпы, алдағы бес жылда жан басына шаққандағы ішкі өнімді 1,6 есеге арттыру міндеті тұр», - деп айтылады.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates