Өзбекстанда Белсенді азаматтар апталығы басталды

    Ел назарында 14 Iyun 2022 5264

    13 июньде Ташкентте «Белсенді азаматтар апталығы» жұмыс бастады. Апталық бес күн бойына 3 мыңнан астам қатысушылар – беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдары, азаматтық қоғам институттары, министрліктер мен ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, сарапшылар, белсенді азаматтар мен БАҚ өкілдерін бір диалог алаңында жиналады.

    Мақсат – 2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстанның Даму стратегиясы аясында елімізде азаматтық қоғамды дамыту болашақтарын талқылау.

    Белсенді азаматтар апталығы аясында форум, конференция, дөңгелек үстел, пікірталас, телеталқылау, тренинг, марафон түріндегі 30-дан астам шаралар өткізу жоспарлануда. Атап айтқанда, «Жұртышылықтың қатысуын инновациялық әдістері» форумы, «Жасыл экономика және инновациялар – тұрақты даму драйвері» тақырыбында экологиялық форумы, «Арамыздағы қаһармандар» жобасы аясында марапаттау рәсімі өтеді.

    Сарапшылардың пікірінше, Өзбекстанның саяси көрінісі жаңарумен қатар, адамдардың да, азаматтық қоғамның да дүниетанымы өзгеруде. Бүгінгі таңда реформалар нәтижелілігін арттыруда, даму бағадрламасын өмірге енгізуде және заң құжаттарын жетілдіруде азаматтық қоғам институттары үлкен әлеуетке ие.

    Азаматтық қоғам институттары бірінші кезекте азаматтардың түрлі санаттағы мүдделерін айқындайды, осылайша әртүрлі деңгейдегі маңызды қаулыларды қабылдау үдерістерін қамтуға көмектеседі.

    Екіншіден, олар қоғамдық бақылаудың субъектісі ретінде мемлекеттік сектордағы ашықтық жүйесін және мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асырудағы тепе-теңдік жүйесін қамтамасыз етеді.

    Үшіншіден, азаматтық қоғам институттары аймақтардың өзіндік ерекшеліктері мен халықтың әлеуетін ескере отырып, өзекті мәселелерді шешуге арналған инновациялық идеялар мен тәжірибелерді ұсына алады.

    Маңызды қаулылар даярлауда және қабылдауда азаматтарды жұмылдыру – Президент Шавкат Мирзияев алға тартқан демократиялық реформалар — біз үшін бірден-бір дұрыс жол, ал қоғамның өзі елдегі реформалардың бастамашысы және негізгі орындаушысы деген қағиданың дәлелі.

    Бұл тұрғыда соңғы жылдары көп жұмыстар атқарылды. Азаматтық қоғам институттарын қолдау және ынталандыру механизмдері мақсатты түрде жетілдіріліп, кепілдіктер күшейтіліп, жер-жерлердегі инфрақұрылым жетілдірілуде. Беймемлекеттік-бейкоммерциялық ұйымдар қызметі саласындағы заңдылықты айтарлықтай деңгейде ырықтандыру басталды.

    Атап айтқанда, баж ставкалар төмендетілді:

    - беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізу – 5 есеге;

    - рәміздерді мемлекеттік тіркеуден өткізу – 2,5 есеге;

    мүгедектігі бар тұлғалар, ардагерлер, әйелдер мен балалардың беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдарын тіркеуге алу – мемлекеттік баждың 50 пайызына дейін.

    Мемлекеттік тіркеуден өту туралы өтінішті қарау мерзімі екі айдан бір айға дейін қысқарды.

    Егер 2017 жылы әділет органдарынан тек 60 беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымды тіркелсе, 2021 жылы бұл көрсеткіш 448-ге жетіп, 7,5 есеге өсті. Жалпы, соңғы 5 жылда

    1031 жаңа беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйым тіркеуге алынды.

    Қоғамдық ұйымдардың бастамаларын қаржыландыруда да жедел өсу байқалуда. Тек 2021 жылы ғана бұл мақсаттарға 75,8 миллиард сум бөлінді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6,5 есе көп. 2017-2021 жылдар беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларын қаржыландыруға 172 миллиард сум бағытталды.

    Сондай-ақ аумақтық мемлекеттік органдардың жанынан беймемлекетік бейкоммерциялық ұйымдары мен азаматтық қоғамның басқа институттарын қолдап-қуаттау қоғамдық қорлар құрылды. 2019 жылдан бастап оларға қызметін алдағы уақытта жалғастыру үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді.

    Беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдарға әділет органдарына тиісті барлық қызметтерді электронды түрде көрсетуге мүмкіндік беретін e-ngo.uz порталы іске қосылды. Әр облыс орталығында азаматтық қоғам институттары тегін орналасатын беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдардың үйлері құрылды.

    Өткен жылы Азаматтық қоғамды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған концепциясының қабылдануы еліміздің азаматтық қоғамды басқару институттарын субсидиялар, гранттар мен әлеуметтік тапсырыстар көрінісінде ұмтылысын тағы бір паш етті.

    Концепцияда 2025 жылға дейін болған үстем бағыттар мен мақсаттар, атап айтқанда, беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдары мен азаматтық қоғамның басқа да институттарына субсидиялар, гранттар және әлеуметтік тапсырыстар түріндегі мемлекеттік қолдап-қуаттау көлемін 2021 жылы кемінде 1,2 есеге және 2025 жылы болса 1,8 есеге асыру белгілеп берілді.

    Азаматтық қоғам институттарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар мен мүмкіндіктерді одан әрі кеңейту күтілуде. Мұны Мемлекет басшысының 2021 жылғы Конституция күні қарсаңында белгілеп берген міндеттері де растайды.

    Бүгінде Өзбекстанда конституциялық реформалар үдерісі басталды. Мұның негізінде жеке адам, оның құқықтары мен заңды мүдделері жатыр. Бұрынғы «мемлекет – қоғам – жеке тұлға» қағидасын жаңа «адам – қоғам – мемлекет» қағидасымен ауыстыру ұсынылады. Сонымен қатар, Конституциямызда «Қоғам – реформалардың бастамашысы» қағидасын көрсететін азаматтық қоғам институттарының рөлі мен мәртебесін күшейту жоспарлануда.

    «Белсенді азаматтар апталығы» Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясы шеңберінде және елдегі конституциялық реформалар контекстінде трансформация үдерісінің барлық қатысушылары арасында азаматтық қоғамды дамыту бойынша ұсыныстар даярлау үшін сындарлы диалог алаңы болып қызмет етеді.

    «Белсенді азаматтар апталығы» «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының бастамасымен Олий Мажлис Сенаты, Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Ұлттық орталығы, Әділет министрлігі мен ынтымақтастықта және АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігімен (USAID), К.Аденауэр атындағы қордың Орталық Азиядағы өкілеттігі, Еуропа Одағының Өзбекстандағы делегациясы және бірқатар серіктес ұйымдардың көмегімен ұйымдастырылған.

    «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі.