Жылыжайларға табиғи газ жеткізуге ешқандай шектеулер жоқ — Энергетика министрлігі

    Әлеуметтік желілерде жылыжайларға табиғи газ жеткізіп беру бойынша шектеулер енгізіліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл жаңалыққа Энергетика министрлігі пікір білдірді.

    Өзбекстан Республикасы Президентінің “Жылыжай шаруашылықтарын ынталандыру бойынша қосымша іс-шаралар туралы” 2024 жылғы 26 сентябріндегі 339-санды қаулысына орай, жылыжайлар табиғи газ үшін төлемдерді жүзеге асырған жағдайда пайдалануы мүмкін, оларға табиғи газ жеткізіп беру бойынша ешқандай шектеулер жоқ.

    Яғни, жылыжай иелері белгіленген төлемдерді төлеу арқылы табиғи газды пайдалана алады.

    Анықтама үшін: жылыжай шаруашылықтарына егін жылының алғашқы 3 айына (октябрь, ноябрь, декабрь) берілген табиғи газдың алдынан төлем 50 пайызы, қалған бөлігі айдың соңына дейін, кейінгі айлардан бастап әр айда 100 пайыз алдынан төлем жүзеге асырылады.