Сайлау үдерісінде Өзбекстан заңдылығы мен халықаралық сайлау стандарттары толық сақталды — Режеп Шекер

    Сайлау 25 Oktabr 2021 3873

    Режеп Шекер – Түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы делегациясының мүшесі:

    — Өзбекстандағы Президент сайлауы ұлттық заңдылық пен жалпыға ортақ қағидаларға сәйкес өтті. Сайлауды Өзбекстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясы, жер-жерлердегі жергілікті сайлау учаскелерінің, сондай -ақ шет мемлекеттерде құрылған 54 сайлау учаскелері басшылығында өткізілді. Орталық сайлау комиссиясы мен Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 пандемиясы жағдайында сайлауды ұйымдастыруда нәтижелі ынтымақтастықта болды. Сайлау учаскелерінде әлеуметтік қашықтықты сақтау және сайлаушылар санитарлық-гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

    Мониторинг бағдарламасы шеңберінде біздің делегация ОСК, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатында саяси партиялардың өкілдерімен кездесті және оларға сайлаудың дайындығы мен барысы туралы ақпарат берілді. Біздің делегация Ташкент пен Самарқантта болып, таңертең сайлау учаскелерінің ашылуынан дауыстарды санауға дейінгі үдеріске қатысты. Дауыс беру үдерісінде біз сайлаушылармен, сайлау учаскелерінің қызметкерлерімен және жергілікті байқаушылармен сөйлесуге мүмкіндік алдық.

    Айта кету керек, Өзбекстандағы сайлауда заманауи ақпараттық технологиялар тиімді пайдаланылды. Сайлаушыларды электронды тіркеу процесі жетілдірілді.

    Осыған сүйене отырып, біздің миссиямыз сайлауға мұқият дайындық, демократиялық қағидаттар мен жоғары бәсекелестік негізінде өткенін атап өтеді. Сайлау үдерісінде Өзбекстан заңдылығы мен халықаралық сайлау стандарттары толық сақталды, ашықтық пен жариялылық қамтамасыз етілді. Осы орайда, қызметімізді тиімді жүзеге асыру үшін жасалған жағдай үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.

    Сайлау нәтижесі еліңіз бен халқыңыз үшін жақсы болсын!