Сапардан көзделген мақсат – кәсіпорындардың қызметімен жақынан танысу, аумақтық инвестициялық бағдарламаларды дер кезінде жүзеге асыру, экспорттық әлеуетті дамыту және өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемін арттыру бойынша қабылданып жатқан іс-шаралардың тиімділігін зерделеу.
Анықтама үшін: Сырдария облысында жыл басынан бері жалпы құны 120,4 миллион долларды құрайтын 299 жоба іске қосылып, нәтижесінде 4 973 жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгінде облыста 2 279 өнерірістік кәсіпорын бар. 2023 жылы облыста 13,7 триллион сумдық өнеркәсіп өнім өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда (2022 жылы 12,2 триллион сум) 110,8 пайызға өсіру жоспарланған.
Сапар жұмыс бағдарламасына сәйкес Сырдария, Гүлістан, Мирзаабад, Хавос аудандары мен Гүлістан, Жаңажер қалаларындағы кәсіпорындарға барды.
Атап айтқанда, , «Peng Sheng» компаниясының былғары өнімдерін өндіру жобасының жүзеге асырылуы, полипропилен қаптар мен стрейч пленка өндіруге мамандандырылған «Sirdaryo mega lyuks» ва «World of Techno» кәсіпорындары, сондай-ақ заманалық автомобиль өндіретін «Асака Моторс» кәсіпорны, дәрі-дәрмек өнімдерін өндіретін «Omonmedpharm», құрылыс келебе-жіп өндіруші «Mili tex Sirdaryo» және «Guliston Gold Yarn», тігін-трикотаж бұйымдарын өндіруге мамандандырылған «Elegant fiber textile», қуаты 220 МВТ болған «Cengiz Enerji San. ve Tik. Ink.» электр станциясының жұмысы зерттелді.
Сапар аясында кәсіпкерлермен болған сұхбаттар барысында олар облыста іскерлік ортаны жақсарту бойынша өздерінің түйткілді мәселелерімен бөлісті. Әбір көтерілген мәселе бойынша шешу жолы, сондай-ақ жүйелі проблемаларға кешенді жанасуды көздеп алгоритмдер жасалды, нақты мерзімдер мен жауапты атқарушылар белгіленді.
Сапар соңында жауапты басшыларға кәсіпкерлерді жан-жақты мекендік қолдап-қуаттау жөніндегі істерді одан әрі күшейту қажеттігі айтылып, өңірдің өнеркәсіптік-экспорттық әлеуетін дамыту, инвестициялық жобаларды дер кезінде әрі сапалы жүщеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берілді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.