ИӨСМ-де жас инвесторлармен және кәсіпкерлермен кездесу өтті

    Болашақ ұрпақ 26 Dekabr 2023 1016

    Ағымдағы жылдың 25 декабрінде Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Хуррам Тешабаев министрлік басшылығымен еліміздің жас инвесторлары мен кәсіпкерлері арасындағы ашық диалогқа қатысты

    Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігіне қарасты Шетелдік инвестицияларды тарту агенттігі ұйымдастырған шараға министрліктің, агенттіктің жауапты қызметкерлері және еліміздің 500-ден астам жас буын өкілдері – инвесторлар мен бизнесмендер қатысты.

    Хуррам Тешабаев жастарды кәсіпкерлік пен инвестициялық қызметке кеңінен тартудың маңыздылығын және Өзбекстанда жастар әлеуетін жүзеге асыру, сондай-ақ «Өзбекстан-2030» стратегиясы аясында жасалған бірқатар мүмкіндіктерді атап өтті.

    Осы бүгінге дейін жастардың 700-ге жуық жобасы, сонымен қатар 150-ге жуық жобаны Жастар өнеркәсіп аймақтарында жүзеге асыру үшін қор қаражаты бөлінді.

    Шара сұрақ-жауаппен аяқталып, онда жас инвесторлар мен кәсіпкерлер өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша толық ақпарат алып, өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, келешегі зор идеялармен бөлісті. Көтерілген проблемаларды толық жою бойынша шаралар қабылдау, жастардың қызықты инновациялық ұсыныстарын тиісті «Жол карталарына» енгізу туралы жауапты басшыларға мекенді тапсырмалар берілді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Мәлімет ретінде: Жас кәсіпкерлерді қолдап-қуаттау қорының қаржысы есбебінен стартап-жобалар байқауында жеңіске жеткен 26 жобаға 21,5 миллиард сум грант қаржылары бөлінген, сондай-ақ Сұрхандария облысының жастар өнеркәсіп және кәсіпкерлік аймақтарындағы жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ «Өнеркәсіп ипотекасы» негізінде өндіріс орындарының ғимараттарын сатып алуға 40 миллион доллар көлемінде қаржы бөлу жоспарлануда.