Июль айының алғашқы күндерінде кей жерлерде шаң-тозаңды жел соғады

    Өзбекстанда 30 июнь және 2 июль күндері болатын ауа райы болжамы жарияланды.

    Бұл туралы “Ўзгидромет” хабарлады.

    Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында күн аз бұлтты, кей жерлерде құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, 1-2 июльде кей жерлерде 13-18 м/с дейін шаң-тозаңмен күшейеді.

    Ауа температурасы 30 июньде түнде 18-23 градус, күндіз 32-37 градус, 1 июнь түнде 20-25 градус, күндіз 36-41, 2 июльде түнде 22-27, күндіз 36-41 градус астық болады.

    Бұхара, Науаи облыстарында күн аз бұлтты, кей жерлерде құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, 2 июльде кей жерлерде 13-18 м/с дейін шаң-тозаңмен күшейеді.

    30 июньде ауа температурасы түнде 20-25 градус, күндіз 34-39 градус, 1 июнь түнде 20-25 градус, күндіз 35-40 градус, 2 июльде түнде 22-27 градус, күндіз 37-42 градус ыстық болады.

    Ташкент, Сырдария, Жызақ, Самарқант облыстарында көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, 2 июль кей жерлерде шаңмен бірге 13-18 м/с күшейеді.

    Ауа температурасы 30 июнь түнде 20-25 градус, күндіз 32-37 градус, 1-2 июльде 34-39 градус ыстық болады.

    Қашқадария, Сұрхандария облыстарында көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, 2 июльде кей жерлерде жел 13-18 м/с күшейеді, шаң-тозаң болады.

    Ауа температурасы 30 июньде түнде 22-27 градус, күндіз 36-41 градус, 1-2 июльде 37-42 градус ыстық болады.

    Әндіжан, Наманган, Ферғана облыстарында ауа райы аздап бұлтты, кей жерлерде құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады.

    Ауа температурасы 20-25 градус, күндіз 30 июль күндері 32-37 градус, 2 июльде 34-39 градус ыстық болады.

    Республиканың таулы аймақтарында ауа райы аздап бұлтты, кей жерлерде құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 13-18 м/с күшейеді.

    30 июнь күндері ауа температурасы түнде 12-17 градус, күндіз 25-30 градус, 1-2 июльде 27-32 градус ыстық болады.