Дүниежүзілік банк өкілімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

    Үстіміздегі жылдың 22 сентябрінде Олий Мажлис Сенатының Сот-құқық мәселелері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің төрағасы Наримон Умаров Дүниежүзілік банк өкілі Даниэла Фелкманмен кездесті.

    Онда Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу және оның алдын алуға бағытталған заң құжаттарын жасау, сондай-ақ заң жобаларындағы сыбайлас жемқорлық факторларының алдын алу бойынша іс жүзіндік жұмыстар талқыланды.

    Кездесу барысында еліміздің 2026 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес мемлекет және қоғам құрылысының барлық саласындағы сыбайлас жемқорлық факторларын тоқтатуға бағытталған 80-нен астам, осыдан тікелей сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын реттейтін 10-нан астам нормативтік-құқықтық құжат қабылданғаны, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықсыз сала» жобалары , «Жол карталары» мен бағдарламалары аясында бірқатар оңды жетістіктерге қол жеткізіліп жатқаны айтылды. Бұл үдерісте Олий Мажлистің жоғарғы палатасында құрылған Ұлттық кеңестің қызметі туралы толық ақпар берілді.

    Сондай-ақ, талқылау барысында «Мүдделер қақтығысының алдын алу туралы» және «Мемлекеттік қызметкерлердің табысы мен мүлкін декларациялау туралы» заң жобалары туралы да айтылды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алуға бағытталған реформалардың қисынды жалғасы ретінде биыл қабылданған «Жаңа Өзбекстанның Даму стратегиясында» жемқорлықтан азат елді құру белгіленгені атап өтіліп, мемлекеттік кеңселер, сонымен қатар парламент алдына осы туралы істерді атқаруда үлкен жауапкершілік жүктелгені тілге тиек етілді.

    Өз кезегінде, Даниэла Фелкман Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформаларды, әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестен жақсы хабардар екенін және оны жоғары бағалайтынын айтты.

    Кездесу соңында парламент пен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, жаңа жобаларды жүзеге асыруға келісілді.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates