Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру мәселесінің кезектегі басқышы қаралды

    Бизнес 15 Dekabr 2022 2389

    Үстіміздегі жылдың 14 декабрінде Өзбекстан Республикасы инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидовтың төрағалығымен Өзбекстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша Келіссөздер жүргізу тобының кезекті жиналысы өтті.

    Шара барысында ДСҰ-мен жұмыс істеу бойынша Кеңсеаралық комиссия басшысының тапсырмаларын орындаудың ағымдағы жағдайы, Ұйымға мүше мемлекеттермен екіжақты келіссөздерді аяқтауды жеделдету іс-шаралары, сондай-ақ тақырыпқа қатысты жұмысшы топ басшыларының есебі тыңдалды.

    Осы кезеңде министрліктер мен кеңселер ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің тауарлар мен базарына шығу бойынша жаңартылған ұсыныстары негізінде қосымша келіссөздер ұстанымдарын әзірлеу үдерісін жеделдету қажет екендігі баса айтылды.

    Сонымен қатар, ДСҰ-ға мүше мемлекеттермен тауар және қызметтер базарына шығу бойынша екіжақты келіссөздердің кезектегі раундтарын, сондай-ақ бұрын қол жеткізілген келісімдерді уақтылы орындауға қатысты Ұйымның хатшылығымен кеңесулерді өткізу аясында нақты міндеттер белгіленді.

    Жиналыста ДСҰ-ға мүше болу үдерісіне, сонымен бірге жүйелі құжаттар мен келіссөздер ұстанымдарын даярлау, сондай-ақ оларды жүзеге асыруға қатысатын тақырыптық жұмысшы топтардағы әрбір маманның қызметіне сыни баға берілді.

    Жиналыс соңында тақырыптық жұмыс топтарына күн тәртібіндегі тиісті бағыттар бойынша апта сайынғы практикалық семинарлар өткізу және республиканың ДСҰ-ға кіруі барысында кейінгі келіссөздерді сапалы ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates