Қазіргі уақытта мамандар станцияларды орнатып, сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізуде. Содан соң ауаның жағдайы туралы ақпараттар реал уақыт режімінде monitoring.meteo.uz платформасында ұсынылады. Станцияларды іске қосудан бұрын Узгидрометтің жергілікті қызметкерлеріне станцияларды жөндеу мен оларды пайдалану бойынша іс жүзіндік тренингтер өткізілуде, деп хабарлайды «Замин» қорының баспасөз қызметі.