Өзбекстан Республикасы Президентінің 2023 жылы 11-сентябріндегі ПФ-158-санды «Өзбекстан – 2030» стратегиясы туралы Жарлығына сәйкес, адамдарға назар мен сапалы білім жылында елімізде әлеуметтік және экономикалық өмірдің барлық салаларында іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.
Білім саласы
2024 жылы 1 январьдан бастап:
мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне ақуызбен, дәрумендермен және минералдармен байытылған сүт, йодпен байытылған нан өнімдері берілуі жолға қойылады;
Хорезм облысының Қоскөпір және Ханқа аудандарында эксперимент ретінде, барлық бастауыш сынып оқушыларына оқу планшеттері беріледі;
банктердің беймемлекеттік жалпы орта білім беру ұйымдарының қызметін жолға қою мақсатында ұлттық валютада бөлінетін, құны 20 миллиард сумға дейін несиелер бойынша, пайыз ставкасының Орталық банк негізгі ставксынан асатын, бірақ оның 1,5 еседен көп болмаған бөлігін өтеу үшін Мемлекеттік бюджет есебінен өтемақы беру тәжірибесі жолға қойылады;
2023/2024 оқу жылынан бастап:
10-сынып оқушылары үшін кәсіптік-өнерге оқыту курстары енгізіледі;
Президент мектептері мен мамандандырылған мектептер жалпы орта білім беру мекемелері үшін «тірек мектебі» болып белгіленеді.
Денсаулық сақтау саласы
2024 жылғы 1 январдан бастап:
Балалар гематологиясы, онкология және клиникалық иммунология орталығында және Балалар ұлттық медициналық орталығында онкогематологиялық аурулары бар балаларға гематопоэтикалық сүйек кемігінің дің жасушаларын трансплантациялау бойынша операциялар;
«С» типті вирусты гепатитпен ауыратын науқастарды және гемотопоэтикалық сүйек кемігінің дің жасушаларын трансплантациялауды қажет ететін онкологиялық аурулары бар балаларды емдеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2023 жылдың 1 октябрьден бастап қиын өмірлік жағдайға түскен немесе оған түсу қаупі жоғары әрбір отбасы үшін жеке «әлеуметтік қызмет көрсету ісін» жүргізу тәртібі жүзеге асырылады. Мұнда осы отбасылардың жағдайын жақсарту, емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, балаларын мектепке дейінгі және мектептегі білім беру ұйымдарына орналастыру, материалдық қолдау көрсету сияқты әлеуметтік қызметтерді көрсету көзделеді.
2024 жылдың 1 январынан бастап Ташкент қаласының медциналық мекемелерінде мемлекет тарапынан кепілденген тегін медициналық қызметтерді және ауру топтары бойынша дәрілік заттардың тізімін көздейтін мемлекеттік медициналық сақтандыру механизмдері кезең-кезеңімен енгізіледі.
Мүгедектігі болған тұлғалар «ваучер» жүйесі негізінде басқышпа-басқыш протездік-ортопедиялық бұйымдармен, оңалту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
Азаматтардың әлеуетін қолдап-қуаттау
2024 жылдың 1 январынан бастап қиын әлеуметтік жағдайға түскен қыз-келіншектерді қайта кәсіпке оқыту қаражаттарын мемлекет тарапынан өтеп беріледі.
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету
2023 жылдың 1 октябрінен бастап кәсіпкерлік субъектілерге мөлшері 10 миллион сумнан жоғары болған салыққа қатысты құқықбұзушылықтары үшін, егер кәсіпкерлік субъект құқықбұзушылықты жоққа шығарса, қаржылық санкцияларды тек сот тәртібімен қолдану тәжірибесі орнатылады.
2024 жылы 1 январьдан бастап:
ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге өнімді сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысының 50 пайызы мөлшерінде субсидия беру;
Зерттеу және даму (R&D) орталықтары үшін олар құрылған күннен бастап 3 жыл мерзімге мал-мүлік салығы мен жер салығы бойынша есептелген сумма мөлшерінің 1 пайызын төлеу, олардың қызметкерлері үшін әлеуметтік салық ставкасын 1 пайыз мөлшерінде есептеу;
мемлекет үлесі 50%-дан асатын болған ұйымдар әр жылы іске асыратын инвестициялық жобалары құнының кемінде 5%-ын облигациялар шығару арқылы қаржыландыру тәртібі енгізіледі.
Сондай-ақ, шетелдік саяхатшылар есебінен — Өзбекстан халықаралық әуежайларда Өзбекстан аумағында сатып алынған және «Tax free» жүйесі бойынша ресмилендірілген өнімдер үшін тур-операторларға — шетелдік контрагенттермен келісімшарттар шеңберінде көрсетілген экспорт қызметтері үшін жеке және заңды тұлғаларға қосылған құн салығын толық қайтарып беру жүйесін енгізу жоспарланған.
Әрбір адамға өз әлеуетін іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін төмендегілер бекітілген:
2023 жылға арналған іс жүзіндік шаралар жоспары;
2023-2024 жылдарға арналған мақсатты көрсеткіштер;
2023 жылы әзірленетін нормативтік-құқықтық құжаттар жобаларының тізімі, деп хабарлайды «Норма».