Атап өтілгендей, бұл екпе тәжірибеге енгізілгеннен кейін аталған аурудың өршуін тежеуге мүмкіндік береді.

ДДСҰ мәліметтеріне сәйкес, ауыз арқылы тамшы түрінде қабылданатын nOPV2 препараты қазіргі қолданыстағы баламаларымен салыстырғанда жоғары генетикалық тұрақтылыққа және тиімділікке ие. Ол жаңа эпидемиялардың пайда болу қаупін азайтады.

Осы тұрғыдан алғанда, жаңа вакцинаны пайдалану көптеген елдерді полиомиелиттен азат аймақтарға айналдыруға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, полиомиелит — өткір сал ауруы болып табылатын дерт, ол жүйке жүйесін, әсіресе жұлынды зақымдайды. Негізінен 5 жасқа дейінгі балаларда бұл вирусты жұқтыру қаупі жоғары саналады. Кейде салдану мен өлім жағдайларына әкелуі мүмкін.