Бұл туралы Республикалық мамандандырылған кардиология ғылыми-практикалық медицина орталығы директорының орынбасары Ануар Каримов мәлімдеді.
– 2022 жылы дәрігерлерімізден құралған мобильді топтар еліміздің 288 өңірінде 11 мық 906 тұрғынды медициналық тексеруден өткізді, – дейді маман. – Атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларды ерте анықтау бойынша РЕN хаттамасы негізінде 18-40 жас және 40 жастан асқан азаматтардың қатысуымен өткен скринингтік тексерулердің соңында қант диабеті, артық салмақ, қан қысымы жоғары науқастар анықталған науқасқа орталықтың білікті мамандары тарапынан қажетті ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ 420 адамға күрделі және жоғары технологиялық хирургиялық операциялар сәтті жасалды.
Сонымен қатар, өткен жылы еліміздің барлық өңірлерінде алғаш рет жүрек ақауларын эндоваскулярлық жолмен бекіту, периферик тамырларға эндоваскулярлық және аз инвазивті оталар жасау жолға қойылды.
Облыс деңгейінде 36 түрідегі, аудан деңгейінде 8 түрдегі жаңа емдеу және диагностикадау әдістерінің іс жүзіне енгізілуі жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын ауыр науқастардың өз аумақтарында дертінен сауығып кетуіне негіз жасауда.