1 июльде эфирге шыққан телебағдарлама Кореядағы телекөрермендердің 4,8 пайызын қамтыды. Бұл жыл басынан KBS ұлттық телеарналарында эфирге қойылған бағдарламаларды қамту бойынша екінші рекордтық көрсеткіш саналады.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш деректі фильмді еліміздің туристік әлеуетін шет мемлекеттерде кеңінен насихаттау және сол арқылы елімізге келетін туристер ағынын арттыру мақсатында Кореяның «Korean Broadcasting System» (KBS ұлттық телеарнасының шығармашылары тарапынан үстіміздегі жылдың июнь айында түсірілген болатын, деп хабарлайды Мәдениет және туризм министрлігінің баспасөз қызметі.
Түсірілім тобы Қарақалпақстан Республикасы, Ташкент қаласы, Ферғана, Самарқант, Бұхара, Науаи облыстарында болып, фильм өзбек халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлері, заманауи туристік инфрақұрылымы, ұлттық тағамдары мен сәулет ескерткіштері туралы баяндайды.
Ақпарат үшін “ Дүние жүзіне жаяу саяхат” тележобасы KBS-тің ең үздік саяхат бағдарламасы болып және Кореядағы әлеуетті туристер арасындағы ең танымал бағдарламалардың бірі саналады. Бұл телебағдарламада Өзбекстан туралы 3 үлкен материал кеңінен көрсетілген.