Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы достық, тату көршілік және жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері қаралды.

Тауар айналымының қарқыны тұрақты екені атап өтілді. Өнеркәсіптік кооперация жобалары жүзеге асырылуда, сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобалар, соның ішінде «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржолын салу және Қамбарата су электр станциясының құрылысы бойынша бірлескен жұмыстар жалғасуда.

Мемлекет басшылары аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасып, алдағы екіжақты және көпжақты іс-шаралар жоспарын талқылады.