Мемлекет басшысы мектептегі білім сапасы мен педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстармен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев мектептегі білім сапасы мен педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстардың тұсаукесерімен танысты.

    Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен үйренуі көп жағдайда мұғалімдердің білімі мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан педагогтардың біліктілігін арттыруға қажетті жағдайлар жасалып, бағалау жүйесі жетілдірілуде.

    Тұсаукесерде жауапты азаматтар осы туралы ақпарат берді.

    Атап өтілгендей, аттестацияда озық технологияларға негізделген жаңа тәртіп енгізілген. Оған 190 мыңнан астам ұстаз қатысып, содан 51 мың ұстаздың санаты жоғарылаған.

    Мектептерде білімді де ізденімпаз педагогтардың көбеюін ұдайы ынталандыру қажет екендігі айтылды.

    2025 жылдың қыркүйегінен бастап жоғары және бірінші біліктілік санаты бар мұғалімдердің айлық жалақысын көтеру туралы ұсыныс енгізілді.

    Аттестаттаудан өтпеген, тәжірибесі жеткіліксіз мұғалімдерге жеке бағдарлама жасалып, олардың біліктілігін арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.

    Осы орайда біліктілігін арттыру орталықтары мен педагогикалық колледждердің мүмкіндіктерін толық пайдалану қажет. Осы мақсатта Президент мектебінің тәжірибесіне сүйене отырып, Абдулла Авлони атындағы Ұлттық ғылыми-зерттеу институтында 5 жыл сайын балабақшалар мен мектептердің жетекшілері мен педагогтарының біліктілігін арттыру жүйесін құру туралы шешім қабылданды.

    Өңірлердегі 11 педагогикалық колледжді Біліктілікті арттыру орталықтарының құзыретіне беріп, шетелден жаттықтырушылар тарту міндеті жүктелді.

    Сондай-ақ аз қуатпен жұмыс істейтін педагогикалық колледждер базасында балабақшалар мен мектептер, техникумдар, «Баркамол авлод» мектебі құрылатыны айтылды.

    Үздік тәжірибелерді жариялау мақсатында өткен жылы 500 мектепте Президенттік мектепті бағалау жүйесі енгізілген еді. Соның нәтижесінде олардағы оқушылардың біліктілігі 53 пайыздан 59 пайызға өсті. Жоғары нәтиже көрсеткен мектептердің басшылығы мен мұғалімдеріне 40 пайыздық үстемеақы берілген.

    Сондықтан бұл бағалау жүйесі жаңа оқу жылынан бастап тағы 1 мың мектепте қолданылатын болады. Оларға 182 мамандандырылған және 500 тәжірибелі мектеп бекітіледі.

    Сонымен қатар, 270 мектеп интерактивті тақта, 365 мектеп компьютерлік сыныптармен жабдықталады.

    Тұсаукесерде «Қори-Ниязи» атындағы Өзбекстанның Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институты негізінде Ұлттық оқу педагогикасы институтын құру туралы ұсыныс та талқыланды. Жаңарған институтқа «махалла - ата-ана - мектеп» ынтымақтастығын нығайту, ата-аналар мен балаларға арналған танымдық әдебиеттер шығару, жәдидтердің тәрбиелік көзқарастары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу міндеті жүктеледі. Сондай-ақ 5 мамандық бойынша Ғылыми кеңестің қызметі, сондай-ақ магистратура мен докторантура бойынша кадрлар даярлау ісі қолға алынбақ.

    Бұдан бөлек, Бахадир Жалолов және Оксана Чусовитина атындағы спорт шеберлігі мектептерінде халықаралық әдістерді енгізу, оқыту мен жпттығулар сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

    Мемлекет басшысы педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру, әділетті бағалау және ынталандыру жүйесін ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар берді.

    No date selected
    June 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates