«Руханият фестивалі» қатысушыларымен кездесу өтті

    Ел назарында 24 Avgust 2022 1647

    Олий Мажлис Сенаты ғимаратында елімізде жыл сайын өткізіліп келе жатқан  «Руханият фестивалінің» 130 қатысушысымен кездесу өтті.

    Сенаттың Ғылым, білім және денсаулық сақтау мәселелері комитетінің төрағасы О.Иминов парламенттің қызметі, атап айтқанда, заң шығару және заң шығармашылығының үдерісі, ғылым, білім және денсаулық сақтау саласында бүгінде жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы айтып өтті.

    Сондай-ақ, Сенат қызметінің құқықтық негіздері, өкілеттері мен міндеттері, заңдарды қарау мен қабылдау үдерістерінің кейбір сипаттары, парламенттік бақылауды жүзеге асыру туралы толық ақпарат берілді.

    Республикалық Руханият және ағарту орталығының бастамасымен өткізіліп жатқан «Руханият фестивалі» аясында «Үшінші Ренессанс – ағартушы қоғамға қарай!»! Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушылары Сенат қызметімен танысу барысында өздерін толғандырған сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.

    Қатысушылар өз кезегінде ұйымдастырушыларға Сенат қызметімен жақыннан танысуға және мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдірді.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates