Орталық Азия мемлекеттерінің жетекші әйелдері диалогының кезектегі жиналысы өтті

    Ел назарында 13 Aprel 2022 5789

    Ағымдағы жылдың 12 апрелінде Орталық Азия мемлекеттерінің жетекші әйелдері диалогының кезектегі жиналысы бейнеконференц байланысы түрінде өтті.

    Шарада Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Т. Нарбаева, Түрікменстан Ұлттық Кеңесі Мәжілісінің Төрайымы Г. Мамедова, Қазақстан Республикасы Парламенті Төрайымының орынбасары Б. Кесембаева, Тәжікстан Республикасы Үкіметі құзырындағы Әйелдер және отбасы мәселелері комитетінің төрайымы Х. Қурбанзода, Қырғызстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі А.Қасималиева, БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Н.Герман, «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының Еуропа және Орталық Азия мемлекеттері бойынша аймақтық директоры А.Эль-Яссир тағы бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері де қатысты.

    Сұхбат қатысушылары Орталық Азия елдері тарапынан гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша саясатын жүзеге асырудағы жетістіктері туралы пікір алысты.

    Талдаулар барысында Т. Нарбаева 2022 жылы платформаға Түрікменстанды төрағалық етуімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ Сенат төрайымы Диалог аясында Орталық Азияда гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгені, әйелдердің құқығы мен мүддесін қорғауда мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар жаңа басқышқа көтерілгенін айтты.

    Өз кезегінде Н.Герман Диалог платформасы әлем көлемінде барған сайын танымал болып келе жатқанын, бұл платформаға Өзбекстанның төрағалық еткен кезеңінің маңызы зор екенін атап өтті.

    Ал Эль-Яссир Өзбекстанның диалоққа төрағалық етуі және әйелдерді қолдап-қуаттау мәселесінде аймақтағы жетекшілік етіп жатқан платформаны маңызды саяси деңгейге жеткізгеніне айрықша тоқталды.

    Айта кетейік, 2021 жылы Өзбекстан Орталық Азия мемлекеттерінің жетекші әйелдер диалогына төрағалық жасаған, сол кезең барысында 12 түрлі шара ұйымдастырылып, 8 маңызды құжат қабылданған.

    Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес Орталық Азия мемлекеттерінің жетекші әйелдері диалогының қызметі туралы Ереженің жобасы және платформаның 2022 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates