Сайлау кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары белгіленді

    Олий Мажлистің Заң шығару палатасы мен жергілікті Кеңестер депутаттары сайлауын өткізуде қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды мәселелердің бірі саналады.

    Сайлау күні тыныш және тұрақты болуы сайлаушылардың дауыс беруін еркін, ерікті түрде және халықаралық стандарттар негізінде дауыс беруге мүмкіндік береді.

    Орталық сайлау комиссиясының кезектегі мәжілісінде сайлауларды өткізуде қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сайлау округтері және участкалары аумағын төтенше жағдайларлардан қоғау және өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету, сондай-ақ сайлау комиссиялары орналасқан ғимараттарды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету іс-шаралары және басқа да ұйымдастыру мәселелері қаралды.

    Осыған орай, мәжілісте Ішкі істер министрлігі, Ұлттық гвардия, Төтенше жағдайлар министрлігі және Энергетика министрліктерінің басшылары сайлауға дайындық барысында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.

    Атап айтқанда, қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау мақсатында жауапты министрліктер мен кеңселер тарапынан сайлау учаскелері ғимараттарының айналасына қосымша 332 бейнебақылау камерасы, 528 ғимаратқа жарықтандыру құрылғылары орнатылады.

    Сондай-ақ, барлық ғимараттарға апаратын жолдар тексеріліп, бұдан бөлек жол белгілері, жол сызығы, бағдаршамдар орнатылып, 270 ғимараттың маңайында автотұрақтар ұйымдастырылды.

    Сонымен қатар, жиында барлық сайлау учаскелерінің өртке қарсы жағдайы тексеріліп, 450 сайлау учаскесінде профилактикалық тексерулер ұйымдастырылып, қосымша 664 ғимарат өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілгені жайлы мәлімет берілді.

    Сонымен қатар, Энергетика министрлігі сайлау күні комиссиялардың ғимараттарын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету шаралары қабылданғанын хабарлады.

    Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, алдағы сайлау кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, төтенше жағдайлардан қорғауды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Орталық сайлау комиссиясының қаулысы қабылданды.

    Бұл ретте, күн тәртібіне сәйкес шет елдер мен халықаралық ұйымдардың 108 жуық өкілі халықаралық байқаушы ретінде аккредитациядан өтті және тағы басқа мәселелер туралы тиісті қаулылар қалыданды.

    Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.


    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates