Сайлаушылардың мерзімінен бұрын дауыс беру күндері мен уақыты белгіленді

    Ағымдағы жылдың 8 октябрінде өткен Орталық сайлау комиссиясының кезектегі мәжілісінде сайлаушылардың мерзімінен бұрын дауыс беруін ұйымдастыру, мүгедектігі болған тұлғалардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты қосымша шаралар, шет мемлекеттерден келген бақылаушыларды аккредитациядан өткізу және тағы басқа да мәселелер қаралды.

    Мәжілісте сайлау күні өзі жасайтын жерде болмаған сайлаушылар үшін 2024 жыл 16-23 октябрь күндері мерзімінен бұрын дауыс беруді ұйымдастыру туралы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы қабылданды.

    Сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс беру күндері жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін жалғасу белгіленді. Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасының шет мемлекеттердегі дипломатиялық және өзге де өкілеттіктерінде құрылған сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс беру осы сайлау учаскелері орналасқан мемлекеттегі жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізілуі белгілеп берілді.

    Сайлау кодексінде және «Мүгедектігі болған тұлғалардың құқықтары туралы» Заңда мүгедектігі болған азаматтар өздерінің барлық конституциялық құқықтарын, соның ішінде сайлау құқығын басқа азаматтармен тең және еркін жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасау туралы ережелер күшейтілген.

    Үстіміздегі жылдың 27 октябрінде өтетін сайлауда Олий Мажлистің Заң шығару палатасына 11-ге жуық және жергілікті Кеңестерге 605 жуық мүгедектігі болған тұлғалар депутаттығына кондидат ретінде тіркеуге алынған.

    Сондай-ақ сайлау комиссиялары құрамында 1 343 жуық мүгедектігі болған тұлғалар қызмет етіп келе жатқандығы алдағы сайлауда оларға тең мүмкіндік жасалғанын айқын көрсетеді.

    Сондай-ақ, алдағы сайлауда мүмкіндігі шектеулі жандардың конституциялық құқықтарын одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 830 мыңнан астам мүгедектігі болған сайлаушыларға көмектесетін еріктілер біріктірілуде.

    Бүгінгі мәжілісте мүгедектігі болған тұлғаларға өз сайлау құқықтарын жүзеге асыруына қажетті жағдайлар жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерін толтыру үшін Брайль әліппесі негізіндегі трафарет үлгісін бекіту, сайлау учаскелерінде мүгедектігі болған және мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін арнайы жабдықталған жасырын дауыс беру кабиналары, оптк лупалар (үлкейткіш әйнек) және қосымша жарықтандыру, сондай-ақ сайлау учаскесіне еркін түрде бара алмайтын сайлаушылардың сайлау күні тұрған жерлерінде дауыс беруді ұйымдастыру мәселелері талқыланып, тиісті қаулылар қабылданды.

    Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Түркі Мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының 19 өкіл, Шанхай ынтымақтастық ұйымынан, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, Ресей мен Қытайдан 2 өкіл, АҚШ-тың 3 өкіл және Ұлыбритания, Латвия, Литва, Франция, Үндістан және Жапонияның 1 өкілдері, жалпы 36 шетелдік және халықаралық байқаушылар аккредитациядан өткізілді.

    Мәжіліс барысында сайлауларға дайындық көру және оны өткізуге қатысты өзге де мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

    Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates