«Мұра» фильмі Пәкістанда өтетін кинофестивальге қатысады

    Кинематография агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Мұра» фильмі бірнеше рет халықаралық деңгейде танылды.

    Фильм биылғы жылдың 9-13 сентябрі күндері Пәкістанда өтетін «Gandhra Independent Film Festival» (GIFF) халықаралық кинофестиваліне қатысады.

    «Мұра» фильмі қазақ пен өзбек халықтарының сенім бірлігі, салт-дәстүрі мен ғасырлар бойы қалыптасқан достығы туралы баяндайды. Сценарий авторы мен режиссері - Хилол Насимов, көркемдеуші операторы - Хусан Алиев.

    Сондай-ақ, фильм ағымдағы жылдың май айында Ресейде өткен «Золотой Витязь» кинофорумында «қазақ және өзбек халықтарының арасындағы салт-дәстүрлер мен қарым-қатынастардың ортақ тақырыбын ашқаны үшін» арнайы дипломмен марапатталғанын айта кеткен жөн. Сонымен бірге июль айында Үндістанда өткен «Алтын тұлпар» (“Golden Horse Film Festival”) Халықаралық кинофестивалінде «Ең үздік шетелдік фильм» және «Ең үздік режиссерлік жұмыс» аталымдары бойынша жеңімпаз атанды.

    Анықтама үшін, GIFF – Пәкістанның нөмер бірінші кинофестивалі саналып, бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді және әлемнің түкпір-түкпірінен бірқатар көркем және қысқаметражды фильмдер қабылданып, түрлі аталымдар бойынша марапатталған.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates