Орталықта тұрғындардың, аудан жастарының және мемлекеттік басқару органдары қызметкерлердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білімі мен біліктілігін арттыруға барлық жағдай жасалған.
Цифрлық технологияларды оқыту орталығының басты міндеті – өскелең ұрпақты ғылымға баулу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы сауаттылығын арттыру, болашақта кемел ІТ мамандарын дайындау және бірінші кезеңде барлық жастарға тегін білім беріледі, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталған оқу орталықтарында алдағы уақытта аудан жастары компьютерлік сауаттылық, бағдарламалау, робототехника, интернетті пайдалану және басқа да бірқатар бағыттар бойынша білімдерін арттырмақ. Сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында инновациялық қолданбалар жасау, стартап жобаларды даярлауға жұмылдыру да жоспарлануда.