Мысыр инвесторларымен 15 миллион долларлық келісім-шартқа қол қойылды

    Бизнес 21 Fevral 2023 1168

    Мысыр Араб Республикасында Өзбекстан-Мысыр бизнес форумы өтті.

    Өзбекстан үкіметі делегациясының құрамында «Узчармсаноат» бірлестігі басшылығының қатысуымен осы елдің былғары аяқ киім компанияларымен және инвесторларымен бірқатар келіссөздер жүргізді.

    Онда «Узчармсаноат» бірлестігі мен Мысырдың «Al-Rowad» компаниясы арасында кездесу өтті. Сұхбатта соңғы жылдары еліміздің былғары өнеркәсібінің өндірістік әлеуеті, инвестициялық ортасы, экспорттық мүмкіндіктері, шикізат базасы туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ салаларға инвестиция әкелетін шетелдік инвесторларға ұсынылатын кедендік, салықтық жеңілдіктер, көлік-логистикалық бағыттардың тұсаукесері өткізілді.

    Анықтама үшін, «Al-Rowad» компаниясы 1920 жылы Мысырдың Каир қаласында құрылған. 95 жылдан көп уақыт және төрт ұрпақ барысында кәсіпорын буфало терісінен сапалы былғары бұйымдарын шығарады. Жоғары сапалы, сенімді өнімдер мен инновацияларды ұсынатын компанияның жылдық сату көлемі 4 миллион долларды құрайды.

    Айта кету керек, бүгінде екі ел тері өңдеуші елдер арасында деңгейі тең. Мысыр Араб Республикасының былғары өнімдері көлемінің 80 пайызы бүкіл әлемге, соның ішінде Италия, Испания, Түркия, Қытай, Үндістан, Вьетнам және тағы басқа да бірқатар елдерге экспорттайды.

    Мысыр Араб Республикасының «BN Shaker» компаниясымен өткен келіссөздер барысында екі елдің инвестициясының қатысуымен маусымдық аяқ киім шығару бойынша біріккен жобаны жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Өндірілген өнімдерді Африка елдерінің базарына экспорттау бойынша ұсыныстар зерделенді.

    Қол жеткізілген әрбір келісімнің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Өзбекстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы елшілігімен және шетелдік серіктестермен барлық шаралар қарастырылады.

    Мысырда өткен бизнес-форум аясындағы сұхбаттар, В2В диологтарда елімізде былғары өнімдерін өндіру бойынша жылпы 15 миллион долларлық 2 инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы алдын ала келісімдерге қол жеткізілді. Бұл жобаларды дер кезінде бастау мақсатында «Al-Rowad» (10 миллион доллар) және «BN Shaker» (5 миллион доллар) компанияларымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

    Сондай-ақ бүгінде, «Al-Rowad», «ARC Shoes», «Piel Color», «Zanoon Tannery», «Naser Hussien Tannery» және «Hawk Tannery» компанияларына Өзбекстанда өндірілген жалпы құны 3,2 миллион доллардың былғары өнімдерін жеткізіп беру бойынша келіссөздер жүргізілді.

    Африка елдері арасындағы ең ірі сауда базары және сауда-экономикалық көпір саналатын Мысыр Өзбекстанмен былғары-аяқ киім және елтірі өнеркәсібі саласында тиімді байланыс орнатуға, сондай-ақ біріккен жобаларды әзірлеуге өте мүдделі, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates