Моңғолиямен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық дамитын болады

    Үстіміздегі жылдың 9 мартында Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов елімізге сапармен келген Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунх Батцесегпен кездесті.

    Диалог барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және өнеркәсіптік кооперациясы саласындағы ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы және оны дамыту болашақтары талқыланды.

    Өзара тауар айырбастау көлемінің соңғы жылдарда үш есеге ұлғаюының оң динамикасы атап өтілді. Тараптар ағымдағы көрсеткіштерді айтарлықтай арттыру үшін бірқатар мүмкіндіктердің бар екеніне тоқталып, екі ел арасындағы өзара тауар айырбастау номенклатурасын кеңейту және оның көлемін ұлғайту бойынша шаралар қабылдау бойынша Жұмысшы топ құру туралы келісті.

    Инвестициялық ынтымақтастық және өнеркәсіптік кооперациясын кеңейту болашағы талданды. Ауыл шаруашылығы, жеңіл және электротехника өнеркәсібі салаларындағы нақты жобалық ұсыныстарды қамтитын Өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың біріккен бағдарламасының қабылдануы осыған байланысты үстем және бірінші дәрежелі шара ретінде белгіленді. Осыған орай, тараптар Ташкент пен Ұлан-Батор қалаларында біріккен бизнес-форум мен көрмелер өткізуге келісіп алды.

    Кездесу қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық біріккен комиссия құру туралы Келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates