Мультииндикаторлы кластерлік бақылаулары маңызды стратегиялық қаулылар қабылдауда берік негіз болады

    2022 жылғы 20 октябрде астанамызда Мемлекеттік статистикалық комитеті және Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық балалар қоры (ЮНИСЕФ-тің) Өзбекстандағы өкілеттігінің ынтымақтастығында өткізілген “Мультииндикаторлы кластерлік бақылаулардың” (МКБ) алғашқы нәтижелері туралы тұсаукесер өтті.

    Мультииндикаторлы кластерлік бақылаулары ЮНИСЕФ тарапынан жасалған үй шаруашалықтарының таңдамалы бақылау халықаралық бағдарламасы болып, негізінен әйелдер мен балалардың жағдайын бағалау мақсатында көп көрсеткішті мәліметтерді жинақтайды.

    МКБ 1995 жылдан бері бүкіл әлем елдері арасында 118 елде өткізілген. Бұл бақылаулар ана мен бала денсаулығы, әйелдердің репродуктивті денсаулығы, балалардың құқықтары мен олардың білім деңгейі, балалардың сау және физиалогиялық дамуы сияқты маңызды статистикалық көрсеткіштерді жинақтайды.

    Тұсаукесерде құттықтау сөз сөйлеп, қатысқан Олий Мажлис Сенатының төрайымы Танзила Нарбаева мультииндикаторлы кластерлік бақылаулары негізінде балалар, жастар және әйелдер туралы терең ақпаратқа ие болу, үкіметке тұрғындардың осы топтың қажеттіліктерін орындауға қаратылған мақсатты бағдарламаларды жасау ниетінде өте маңызды екеніне тоқталды. Сондай-ақ осы мәліметтер заңдылықты жетілдіру мен әлеуеттік саясат туралы реформаларды одан әрі тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін жасауға айрықша мән берді.

    Атап айтқанда, бұл байқаулардың нәтижелері ұлттық бюджеттік инвестицияларды мақсатты бағыттау, сондай-ақ балалар мүдделеріне кері әсер ететін факторлардың түп тамырын анықтауға және шешу мүмкіндігін беретін бағдарламалар жасауға, сондай-ақ оларды тиімді бағалауға қызмет етеді.

    Шара барысында МКБ нәтижелері соңғы жылдары Өзбекстанда әйелдер мен балаларға қатысты жағдайдың тұрақты өсу траекториясын көрсетіп отырғаны атап өтілді. Сонымен қатар балалар өлімі төмендеуде, мектепке дейінгі білім беру көрсеткіштері күрт өсті, балалардың денсаулығы мен білім беру қызметтері барлық жерде дерлік көрсетілуде. Мысалы, 2-4 жас аралығындағы балалардың 96%-да денсаулығы жақсы, оқу және психо-әлеуметтік салауаттылық жағынан қалыпты дамуы байқалады. Бұл облысымыздағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

    Шараға қатысушылардың пікірінше, мультииндикаторлы кластерлік бақылаулар елдегі маңызды стратегиялық әлеуметтік-экономикалық шешімдерді қабылдау үшін берік негіз болып табылады. Атап айтқанда, бақылау нәтижелері бойынша айтылған ұсыныстар заңдылықта, Президент пен үкімет деңгейіндегі қаулыларда өзінің іс жүзіндік нәтижесін табады. Тұрақты даму саласындағы мақсаттар мен міндеттерге қатысты болған 20-дан астам көрсеткіш қалыптастырылады.

    Шара соңында мультииндикаторлы кластерлік бақылауларды жүргізу үдерісінде беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдардың, азаматтық қоғам институттарының, белсенді азаматтар мен БАҚ-тың рөлі ерекше екені атап өтілді, сондай-ақ осыған байланысты сындарлы диалог және өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға келісілді.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates