Науаи облысындағы жобалар жан-жақты қолдап-қуатталады

    Бизнес 31 Yanvar 2022 1115

    Ағымдағы жылғы 30 январьда Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаковтың басшылығындағы жұмысшы топ Науаи облысында болып, инвестициялық қызметке талдау жасап, өңірде жүзеге асырылып жатқан жобаларды үйренді.

    «Науаи» еркін экономикалық аймағында жүзеге асырылып жатқан жобалардың бүгінгі жағдайына ерекше назар аударылды. Аталмыш ЕЭА-да қазіргі уақытта пайдаланылмаған, бос тұрған алаң мен жаңа ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды құру үшін инфрақұрылымдық әлеует бар екені айтылды.

    Осыған орай, импорт орнын басатын өнім өндіруді жергіліктендіру және жоғары технологиялық өндірістерді ұйымдастыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау арқылы ЕЭА-да жаңа жобаларды іске асыруға инвесторлар мен кәсіпкерлерді тартуды күшейту бойынша ұсыныстар жасау тапсырылды.

    Сондай-ақ жұмысшы топ бірқатар өндірістік нысандарды аралап, өндіріс барысымен танысып, жоба бастамашыларымен олардың қызметін одан әрі кеңейту жоспарлары мен бар проблемаларды талқылады.

    Барлық айтылған мәселелер бақылауға алынып, оларды жою бойынша тиісті министрліктер мен кеңселердің басшыларына нақты тапсырмалар берілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates